“Өтірік неғұрлым сұмдық болса, соғұрлым тез сенеді”: бұл Геббельс сөзі ме?

Әлеуметтік желі мен медиада “Өтірік неғұрлым сұмдық болса, соғұрлым тез сенеді” дегенді цитатаны нацистік идеяны насихаттаушы Йозеф Геббельс айтқаны туралы ақпарат тарап жатыр. Ресейлік «Проверено» фактчекерлері бұл сөздің авторы кім екенін анықтады.

30 қыркүйекте Владимир Путин Украина территориясын аннексиялауға қатысты сөйлеген сөзінде Батысты Геббельстің өсиетін орындады деп айыптады. Ресей президенті: «Геббельс сияқты агрессив пропаганданы қолданып, өтірік айтып, ақиқатты миф, иллюзия мен фейк мұхитына батырды. Өтірік неғұрлым сұмдық болса, соғұрлым тез сенеді. Міне, осындай ұстаныммен әрекет етеді »,-деді.

Сонымен бірге 2014 жылғы шілдеде түрлі ел раввиндерінің делегациясымен кездесуінде Путин “Геббельс ” Өтірік неғұрлым сұмдық болса, соғұрлым тез сенеді” деп айтқан. Ол өз діттегеніне жеткен және өте дарынды адам болды.“,-деді.

Бұл цитатаны Геббельспен байланыстыратын Путин ғана емес: 2016 жылы Life.ru рейхтің пропаганда министрінің сөзіне сілтеме жасаған саясаткерлердің мәлімдемесінен топтама жариялады. Алайда онда Путиннің сөзі жоқ.

1920 жылдардың ортасынан бастап Йозеф Геббельс Ұлттық социалистік неміс жұмысшы партиясы (ҰСНЖП) идеологтарының бірі болды. Ал Гитлер 1933 жылы билікке келгеннен кейін рейхтің халықты ағарту және үгіт-насихат жүргізу министрі лауазымына тағайындалды. Геббельстің өлімінен кейін оның артынан көп құжаты қалды. Онда нацистік идеяны насихаттаушының қоғамдық қызметіне қатысты құжаттарымен қоса күнделігі де болған. Бірақ жазбаларында да, көпшілік алдында сөйлеген сөзінде де біз айтып отырған тіркес кездеспейді.

Алайда 1941 жылы Геббельс «Черчиллдің өтірік фабрикасы» атты мақала жазып, онда Ұлыбритания премьер-министрін ұятсыз пропагандаға айыптаған. Геббельс мақаласының басында Черчельдің өтірікті көп қайталағаны сонша, ол тіпті өз өтірігіне өзі сене бастаған деп жазған.

Бірақ біз айтып отырған өтірік туралы фраза бұған дейін пайда болған және оның авторы – Геббель емес, Гитлер. 1925-1926 жылдары жарық көрген Mein Kampf кітабында Гитлер Германияның бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілуіне еврейлер мен марксистерді кінәлайды. Онда ол: “Бұл мырзалар өтірік неғұрлым сұмдық болса, соғұрлым тезірек сенеді деп дұрыс топшалаған. Қарапайым халық кішіге қарағанда үлкен өтірікке сенеді. Бұл олардың қарабайыр жанына сәйкес келеді. Олар өздерінің кішкентай нәрселерде өтірік айтуға қабілетті екенін біледі, бірақ өте үлкен өтірік айтуға ұялуы мүмкін. Үлкен өтірік олардың ойына да келмейді”,- деген.

Осылайша, цитатаның нағыз авторы — Адольф Гитлер. Оны ол сыни контексте қолданған.

Factcheck.kz