Ева Браун мен Гитлер фотосы 1939 жылы Vogue журналында жарияланды ма?

Әлеуметтік желіде Украина президенті Владимир Зеленский мен оның әйелі Елена Зеленскийдің шілде айында Vogue журналында жарияланған суреті тарады. Бұған қоса олардың жанында Адольф Гитлер мен Ева Браунның фотосы қойылған. Желі қолданушыларының жазуынша, Гитлер мен Браунның суреті 1939 жылы Vogue басылымында жарияланған. Reuters фактчекерлері ақпараттың рас өтірігін тексерді.

Ева Браун мен Гитлер фотосы 1939 жылы Vogue журналында жарияланды ма?
Желіде тараған сурет.

Facebook желісінің қолданушыларының бірі “бұл біздің салық арқылы қолдап жатқан дүниеміз бе?” деп жазған. Басқа да интернетте тараған жазбаларды мына сілтемеге өтіп, көруге болады.

Расымен 2022 жылы шілдеде Vogue журналында Зеленский мен оның әйелінің фотосы жарияланды. Алайда, журналдың ресми өкілі Reuters журналистеріне 1939 жылы Гитлер мен Браунның суреті жарияланбағанын айтты.

Сонымен қатар, Vogue журналының архивінде 1939 және 1949 жылдары желіде айтылған фото табылмады. Бұдан бөлек, Reuters фактчекерлері Гитлер мен Браунның суреті интернетте өзгертілгенін анықтады. Желі қолданушылары “Vogue 1939” сөзін қосқан.

Контекст

  • Желіде поляк газетінің «Владимир Зеленский Украинаны Польшаға қайтарғысы келеді» деген мақаласының суреті тарады. «Проверено» сайты мақаланың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріп көрді.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz