2019 жылы 29 қазанда сол кездегі ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елімізде 2025 жылға дейін 2,6 млн жұмыс орны ашылып, жұмыспен қамтылған халық саны 9,3 млн адамға дейін өседі деп мәлімдеген.
Factcheck.kz редакциясы экс-министрдің жоспары қаншалықты орындалғанын тексеруді жөн көрді.
«Жалпы, 2025 жылға дейінгі кезеңде экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету үшін инвестициялардың жаңа толқыны тартылатын болады, жаңа өндірістер ұйымдастырылады және 2,6 млн жаңа жұмыс орны құрылады».
Үкім: Орындалды
Еңбек және халықты әлеуметтік қамту министрлігінің Factcheck.kz редакциясына берген жауабына сай, 2019-2024 жылдары 3 435 443 жұмыс орны құрылған. Бұл жұмыс орындарының 1 299 314-і уақытша болса, қалғаны тұрақты.
Ұлттық статистика бюросының еңбек нарығының негізгі көрсеткіштеріне сүйенсек, 2018 жылы елде жұмыспен қамтылған адам саны 8,6 млн болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 9,2 млн адамға жеткен.
Материалды Factcheck Dive курсының түлегі Гүлназ Мұханжан дайындады