Еуроодақ ЖИ жасаған контентке таңба қоюды ұсынды

Интернет-платформалар жасанды интеллект жасаған контентті таңбалауы керек. Бұл туралы интернеттегі жалған ақпаратқа қарсы күрес кодексіне қол қойған 40-тан астам интернет-платформа өкілдерінің кездесуінде Еурокомиссияның құндылықтар және ашықтық жөніндегі вице-президенті Вера Юрова мәлімдеді, деп TechCrunch хабарлады.

Жасанды интеллектінің жаңа технологиялары тиімді әрі шығармашыл көріністі арттырғанда көп пайда мен жаңа мүмкіндіктер әкелуі мүмкін. Бірақ біз бұл мәселенің қараңғы жағын да айтуымыз керек – олар қоғамға жаңа қауіп-қатерді де әкеледі.

Вера Юрова

Ол жасанды интеллект тудыратын қауіп-қатерді азайтудың екі негізгі аспектісін атап өтті. Оның бірі Microsoft New Bing не Google Bard сияқты генератив жасанды интеллектіні біріктіретін жүйелерге қатысты болды. Маманның айтуынша, олар алаяқтар жүйенің қызметін жалған ақпарат таратуға қолдана алмайтынына кепіл беруі керек. Ал жасанды интеллект арқылы жалған ақпарат таратуға мүмкіндік беретін жүйелерге қатысты басқа шара айтылды: интернет-платформалар мұндай мазмұндағы контентті бірден танып, оны таңбалауы керек.

Еурокомиссия өкілі Юрованың сөзінше, интернет-платформалар бұл шараларды дереу қолға алғаны жөн.

Factcheck.kz