Поляк дүкені Зеленскийдің өмірбаянына қызыққандарға Хитлердің кітабын ұсынды ма?

Жақында поляк кітап дүкенінің сайтының скриншоты тарады. Онда Зеленскийдің өмірбаянына қызыққан сатып алушыларға Хитлер мен Бандера туралы кітаптарды ұсынылған (1, 2, 3). “Проверено” фактчекерлері скрин суреттің қаншалық шынайы екенін тексерді.

Поляк дүкені Зеленскийдің өмірбаянына қызыққандарға Хитлердің кітабын ұсынды ма?

Скриншоттан журналист Войчех Рогачинның “Зеленский. Өмірбаян” деген кітабын көруге болады. Украина президентінің өмір жолы жөніндегі бұл кітапты Wielka Litera баспасы 2022 жылғы мамырда басып шығарған. Көпшілік арасында тараған жазбаларда қай дүкен сайтының скрині екені жазылмаған. Бірақ фактчекерлер Tania Książka деген кітап дүкенінің уеб-сайты екенін анықтады.

Скриншотта дүкен ұсынған басқа кітаптар да бейнеленген: Марек Капроускийдің “OUN-UPA-дағы қасапшылар”, Агнешка Кубаланың “44-жылдардағы Варшава балалары. Варшавадағы бүлікшіл балалардың шынайы оқиғалары”, Петр Зыховичтың “Волыннің адалдығы немесе ішкі Армияның қолбасшылығы поляктарды УКА-ның озбырлығына қалай тастады”, Эугениуш Цезария Крульдің “Қасқырдың балалары”, “Екіншілік дүниежүзілік соғыстың түсініксіз құпиялары”, “Майн Кампф. Сыни басылым” кітаптары (“Майн Кампф” еңбегінің сатылғаны туралы мәлімдеме шындыққа жанаспайды. Себебі соңғы кітаптың аннотациясында Хитлердің жұмысына анализ жасаған сыни басылым екені жазылған).

Оған қоса “Проверено” фактчекерлері Taniaksiazka.pl сайтынан Może i się spodobać деген бөлімді таппады. Оның үстіне “Сізді қызықтруы мүмкін” деп аударылатын бөлім поляк тілінде қате жазылған. Бөлімнің атауы жазылған қаріп те сайтта қолданылған түріне ұқсамайды.

Редакция Tania Książka сайтының өкілдерімен әлеуметтік желідегі ресми парақшасы арқылы байланысты.

Біздің сайтымыздың себетіне жаңа тауар түскенде, ол туралы ақпарат сіз жіберген скриншоттағыдай болып көрінбейтінін хабарлаймыз. Біздің сайтымызда “Сізді қызықтыруы мүмкін” деген бөлім де жоқ”,- деп жауап берді олар.

Дүкеннің тұтынушылармен байланысатын маманы Габриэла Кропивницкая скриншоттың фотомонтаж екенін айтты.

Сонымен қатар фактчекерлер өз бетімен дүкеннің сайтына кіріп, Зеленскийдің кітабын таңдап, оны себетке салды. Бірақ сайттың төмен жағынан ұсыныс ретінде Бандераның да, Хитлердің де еңбегі шықпады.

Осылайша, фактчекерлер көпшілік арасында тараған скриншот өңделген деген қорытындыға келді.

Factcheck.kz