Анатолий Чубайс Ресейге қарсы арыз жазды ма?

Интернетте «Роснано» акционерлік қоғамының бұрынғы басшысы, белгілі ресейлік саяси қайраткер, КСРО ыдырағаннан кейін Ресейдегі реформалардың негізгі идеологтарының бірі Анатолий Чубайстың Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотына Ресейге қарсы шағым түсіргені туралы ақпарат тарады (1 ,2, 3). Оған Владимир Путиннің оған қатысты айтқан пікірі себеп болды деседі. “Проверено” фактчекерлері ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

2023 жылғы 12 қыркүйекте Владивостокта өткен Шығыс экономикалық форумның отырысында Путин Чубайстың Ресейден кеткені жөнінде былай деді: “Анатолий Борисовичтің бір жерде тығылып жүргені… маған интернеттен оның бір суретін көрсетті. Онда ол Анатолий Борисович емес, Моше Израилевич болып кеткен және бір жерде өмірін сүріп жүр. Неге олай істегенін, не себепті қашып кеткенін түсінбедім”.

Көптеген медианың жазғанына сенсек, Ресей президентінің дәл осы сөзі Чубайстың арызданғанына себеп болған.

Путин мұны Чубайс пен оның әйелі Авдотья Смирнованың Израиль азаматтығын алғаны жөніндегі ақпаратқа сүйеніп, айтқан болса керек. Чубайс пен әйелі Израильдегі ІІМ-де көзге түскен, көбі оларды жаңа паспорт алуға келді деп ойлады. Алайда экс-шенеунік бұл ақпаратты теріске шығарды.

Президентінің атынан мен туралы осындай сөз айтатын мемлекет өз мәлімдемесін негіздеуі керек не барлығының алдында кешірім сұрауға тиіс. Жанжалды ұнатпаймын, бірақ осы жолы соңына дейін барамын.

Анатолий Чубайстың сөзі деп берген медианың таратқаны

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың сайтында Ресейге қарсы істердің тізімі бар, бірақ осы материалды жазып жатқанда онда Чубайстың шағымы болмады. Бірақ оның болуы да мүмкін емес, себебі 2022 жылғы күзден бастап Ресей Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенцияның жақтасы емес.

Сондықтан Еуропалық сот 2022 жылғы 16 қыркүйекке дейінгі ғана Ресейге қатысты құқықбұзушылықты қарастырады.

Ал 15 наурызда Ресей Еуропалық Одақтың құрамынан шықты. Бірнеше айдан соң Путин Ресей Еуропалық конвенцияның осы уақыттан кейінгі кез келген шешімін орындамайтынына қатысты заң енгізді.

Одан бөлек Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа берілетін арыз белгілі бір критерийге сай болуы керек. Чубайс мұнда арызданбас бұрын өзінің елінде барлық қорғану құқығынан айырылуы керек, яғни Ресейдегі барлық сот инстациясын арыздануы қажет. Ол жерден қанағаттанатын жауап алмаған жағдайда ғана еуропалық сотқа жүгінеді. Ал Чубайстың бұлай істемегені анық. Себебі Путиннің ол туралы айтқан сөзі мен Чубайстың арызданғанына қатысты ақпараттың тарағанына небәрі бір -екі апта болды.

Ал медиа таратқан Чубайстың пікірі қайдан шыққаны белгісіз.

Чубайстың Ресейге қарсы арыз түсіргеніне қатысты ақпараттың ең ерте жарияланған мерзімі  2023 жылғы 13 қыркүйек. Оны «а вот мой яндекс кошелёк» Telegram арнасы жүктеді. Ал бұл арна сатира мақсатында мағлұмат таратады.

Осылайша, Анатолий Чубайстың Ресейге қарсы Еуропалық сотқа арыз түсіргені жалған.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz