Әлемдегі ең кәрі ит Португалияда тұра ма?

Осы айда Snopes басылымына оқырмандары “португалиялық Боби деген ит әлемдегі ең кәрі ит екені рас па?” деп бірнеше рет сауал жолдаған. Фактчекерлер ақпаратты тексеріп көрді.

2023 жылғы ақпанда Гиннесс рекордтар кітабы екі дереккөз арқылы Рафейру ду Алентежу тұқымына жататын португалиялық Боби деген иттің дүниежүзіндегі ең кәрі ит ретінде тіркелгенін растады.

Португалияның Лейрия қаласындағы муниципалитеттің ветеринар-медицина қызметінде Боби 1992 жылы туған деп көрсетілген. Португалия үкіметі мен Ұлттық ветеринар одағы басқаратын SIAC үй жануарлар базасында да дәл осылай жазылған.

Гиннесс рекордтар кітабының мәліметінше, Боби 1992 жылы 11 мамырда Португалияның Лейрия округіндегі Конкейрос ауылында туған. Боби туғанда оның иесі Леональ Коста сегіз жаста болған. Жануардың иесі рекордтар кітабының өкілдеріне Бобидің ұзақ өмір сүруіне “тыныш, бейбіт орта” және жақын маңдағы орман мен ауылшаруашылық жерде шынжырсыз емін-еркін жүре алатыны ықпал еткенін айтқан.

Сонымен қатар Snopes оқырманы басылымның электрон поштасына төрт суреттен тұратын коллаж жіберген. Сипаттамасына: “Дүниежүзіндегі ең кәрі ит туралы оқиға шынайы емес. Суретте 2022 жылдағы емес, 1999 жылдағы иттер бейнеленген”, – деп жазған.

Алайда Гиннесс рекордтар кітабының мәліметінше, коллаждағы төрт суретте де Боби бейнеленген. Үстіндегі екеуі — 1999 жылғы суреті. Төменгі сол жақтағы фотода Боби мен Сегиньо деген мысық бейнеленген. Бұл сурет 2022 жылы түсірілген. Төменгі оң жақтағы суретте адам Бобиді сипап тұр. Фото 2016 жылы түсірілген.

Боби туралы толығырақ Гиннестің веб-сайтынадағы 2023 жылғы ақпандағы мақаладан оқуға болады. Мамырда жариялаған екінші мақаладағы ақпарат бойынша, Боби 31 жасында тірі болған.

Factcheck.kz