G7 басшылары ЖИ-ға арналған техстандарт әзірлеуге шақырды

Үлкен жетілік елдерінің басшылары (G7) жасанды интеллект “сенімді болуы үшін” техникалық стандарттарды әзірлеуге шақырды. Хиросимада жиналған мемлекет өкілдері технологияның дамуы мен оны басқару бірдей қарқында емес екенін айтты. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Олар генератив жасанды интеллект мүмкіндіктері мен мәселесін дереу бағалау керек екенін мәлімдеді.

Үлкен жетілік басшылары жасанды интеллектіні реттеу тәсілдеріне қатысты пікір айырмашылықтарын ескеріп, автор құқығы мен жалған ақпарат сияқты мәселені талқылау үшін министрлер деңгейінде форум өткізуге келісті.

Жақында Еуроодақ жасанды интеллект технологиясын реттейтін заң қабылдайды. Келісім осы жаңа заң жобасымен тұспа-тұс келген маңызды оқиға болмақ.

Factcheck.kz