Халықаралық ұйымдар журналист Теміровке тағылған айыптарды алып тастауға шақырды

Адам құқықтары жөніндегі халықаралық әріптестік (IPHR), Норвегияның Хельсинки комитеті (NHC), Адам құқықтары жөніндегі Хельсинки қоры (HFHR) және Азаматтық құқық қорғаушылар (CRD) Қырғызстан журналисі Болат Теміровке қозғалған қылмыстық істердің саясиланғанын мәлімдеп, істі тоқтатуға шақырды. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі халықаралық әріптестік ұйымының сайтында жарияланды.

Біз Қырғызстан билігін Болот Теміровке тағылған айыпты алып тастап, кәсіби міндетін атқаруға кедергі келтірмеуге шақырамыз.

Халықаралық ұйымдардың мәлімдемесі

Халықаралық ұйымдар Теміровке қылмыстық іс қозғау — Қырғызстандағы сөз бостандығына нұқсан келтіретінін мәлімдеді. Сонымен қатар, журналистің сыбайлас жемқорлыққа қатысты зерттеуі үшін кек алу мақсатында билік тарапы қылмыстық іс қозғағанын жазған.

Бұған дейін қырғыз медиа қауымдастығы Болот Теміровті қудалауды тоқтатуды талап еткен.

Контекст

  • 2020 жылдың қаңтарында Қырғызстан кеден қызметі басшысының орынбасарына қатысты зерттеу жарияланғаннан кейін үш адам Теміровті соққыға жыққан.
  • 2022 жылдың қаңтарында Теміров «Екі күнде қалай 37 миллион сом табуға болады? Садыр Жапаров және Ташиевтер схемасы» зерттеуін жариялаған. Екі күннен кейін милиционерлер Temirov Live кеңсесіне басып кіріп, Болот Теміровті ұстап, офис техникасы мен басқа да редакциялық құрал-жабдықтарды тәркілеген. Бұл кезде журналиске «есірткі сақтады» деген айып тағылған еді.
  • 2022 жылдың 20 сәуірінде Болот Теміровке «жалған құжат жасады» және «мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті» деген айып тағылып, тағы да қылмыстық іс қозғалған.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz