EFCN-нің Болот Темировқа қатысты мәлімдемесі

2020 жылдың 9 қаңтарында Бішкек қаласындағы әріптесіміз, фактчекер, зерттеуші журналист, factcheck.kg жобасының редакторы – Болот Темировке шабуыл жасалды. Үш белгісіз адам Эркиндик пен Токтогул көшелерінің қиылысында журналистті ұрып-соғып, телефонын тартып алды. Журналиске миы шайқалған деген диагноз қойылды.

Factcheck.kg сайтында соңғы уақытта Қырғызстан мен Қазақстандағы жемқорлыққа қатысты қылмыстарды зерттеу материалдары жарияланған болатын. Яғни, шабуыл Болот Темировтың қызметіне тікелей байланысты және шабуыл тапсырыспен жасалды деп айтуға негіз бар.

Еуразия фактчекерлерінің желісі (EFCN — Eurasian Fact-checking Network), factcheck.kz ұжымы, MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Қырғызстанның құқыққорғау органдарынан шабуылға мұқият тергеу жұмыстарын жүргізуін талап етеді.

Журналистерге қарсы шабуыл – жемқорлыққа батқан автократтық режим мен жүйенің белгісі. Демократиялық Қырғызстан сөз бостандығының қорғалуына лайық, ал әлеуметтік маңызды миссияны атқаратын журналистер – тергеушілер мен фактчекерлер заңның әділдігіне сенім арта алуы керек.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz