Жапонияда екі күнде 3 жылдық дүмпуден де көп жер сілкінді ме?

БАҚ-та (1, 2, 3) және әлеуметтік желіде Жапониядағы зілзала санының артқаны жайлы ақпарат тарап жүр. Тіпті екі күнде (1-3 қаңтар аралығы) кейінгі 3 жылда тіркелген жер сілкінісінен көп дүмпу болған. Желіде тараған ақпаратта ғалымдар жақын арада Жапония аумағында өмір сүру мүмкін болмайды деген пікірде екен-міс. Ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады, Factcheck.kz тексеріп көрді.

@postroim_mir_s_o

Дорогие друзья 🆘 Я уверен вы заметили, что последние пару лет климатические аномалии побили всевозможные рекорды ‼️ Подобное происходит на нашей планете раз в 12 000 лет, мы вошли в цикл, который может унuчтожить нашу планету, и для решения этой кататрофы планетарного масштаба нам необходимо обьединить ученых всего мира! Передай эту информацию дальше, чтобы спасти нашу планету!

♬ Epic War – StudioKolomna

Мәлімдеме: Жапонияның Исикава аумағында 2 күн ішінде 3 жылда болған дүмпулерден көп жер сілкінісі тіркелген.

БАҚ-та тараған ақпарат

Үкім: Шындық

Жапонияның Исикава аймағында 2020 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта магнитудасы 1 баллдан жоғыры 506 жерасты дүмпуі тіркелген. Ал 2024 жылдың 1 қаңтарында болған 7,5 баллдық жойқын жер сілкінісінен кейінгі 3 күнде (1 қаңтардан 3 қаңтарға дейін) магнитудасы 1 баллдан жоғары жалпы 950 жерасты дүмпуі тіркелген. Яғни ақпарат рас.

Толығырақ…

Жапонияның Исикава аймағында 1 қаңтарда 7,5 баллдық жер сілкінісі болды. Салдарынан 230 адам қаза тауып, 49 000 ғимарат қираған. Жапонияның метеорологиялық агентігінің Ното 2024 жер сілкінісі бойынша жариялаған ақпаратына сәйкес, Исикава префектурасында жер сілкінісі 2018 жылдан жиілеген. 2020 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың желтоқсаныны аралығында 506 жер сілкінісі тіркелген (магнитудасы 1 баллдан жоғары), оның ішінде сейсмикалық қарқындылығы 3 баллдан жоғары 67 жер сілкінісі болған. Сондай-ақ, 2023 жылдың 5 мамырында магнитудасы 6,5 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Ал төмендегі кестеде 2024 жылдың 1-12 қаңтары аралығында 1 баллдан жоғары болған барлық жерасты дүмпуді көре аласыздар.

Жапонияда екі күнде 3 жылдық дүмпуден де көп жер сілкінді ме?
дереккөз

Жапонияның метеорологиялық агенттігінің мәлімдеуінше, Ното түбегінде болған жойқын жер сілкінісі эпицентрінің айналасында сейсмикалық белсенділік әлі де жалғасуда. Мәселен жер селкінісі болған күні магнитудасы 6.1 және 4.3 баллдық сілкініс қайталанған. Кестедегі ақпаратқа сәйкес, аймақта 2024 жылдың басынан 1398 дүмпу тіркелген (12 қаңтар бойынша мәлімет).Жалпы сейсмикалық белсенділік аймағы солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бағыттарында созылып шамамен 150 км аймаққа таралған.

Жапонияда екі күнде 3 жылдық дүмпуден де көп жер сілкінді ме?
Картада қызыл түктелермен берілген аймақ Ното түбегі. Қызыл нүктелер 1 қаңтарда болған жойқын жер сілкінісінен кейінгі 3 күнде тіркелген дүмпулер

Мәлімдеме: Ғалымдар климаттық апаттар жиілейді және салдарынна көп ұзамай Жапония аймағында өмір сүру мүмкін болмайды деген болжам жасады. Бұл халықаралық “America on the crossroads” онлайн форумында айтылды.

әлеуметтік желіде тараған ақпарат

Үкім: Дәлелденбеген

America at the crossroads ұлттық онлайн форумында “Жаһандық дағдарыс” тақырыбы көтеріліп, сарапшы Джон Ан Қытай, Жапония, Индия, Италия, Ұлыбритания және Араб түбегіндегі елдермен экономикалық тұрғыдан тығыз байланыс орнату шығындар әкелуі мүмкін деген мәлімдеме жасаған. Оған басты себеп 5-7 жылда аталған елдер үлкен табиғи апатқа ұшырап, бұл аймақтарда өмір сүру мүмкін болмайды делінген. Алайда жер сілкінісін алдын-ала болжай алмайтынымыздай басқа да табиғи апаттарды да 100% болжау мүмкін емес. Сәйкесінше, Жапонияда немесе басқа да аталған елдерде жақын арада өмір сүру мүмкін болмайды деп баға беру нақты дәлелденбеген дерек.

Бұл мәлімдемелер 2023 жылдың 7 қазанда жарияланған “America on the crossroads” климаттық дағдарыс жайлы шығарлымында айтылды.

America at the crossroads — АҚШ-тағы мәселелер мен түсінбеушіліктерді зерттейтін көпсериялы бағдарлама.

Factcheck.kz