WhatsApp жаңа функцияны іске қосады

WhatsApp жеке чаттағы әңгіме тарихын Android-тан iPhone-ға ауыстыру функциясын қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Meta-ның бас директоры Марк Цукерберг Facebook парақшасында хабарлады.

Біз WhatsApp мессенджерінде ұялы телефондардың қауіпсіздігін сақтай отырып, жеке әңгіме тарихын, фото, видео және аудиохабарламаларды Android пен iPhone арасында тасымалдайтын функцияны іске қосамыз.

Марк Цукерберг

Сонымен қатар, Meta басшысы бұл функцияны қолданушылардың жиі сұрағанын айтты. Бұған қоса, ауысу барысында әңгіме тарихы үшінші тарапқа өтпейтіндігін жазды.

Былтыр (жазба тарихын – ред.) iPhone-нан Android-қа ауысу мүмкіндігі пайда болды. Енді Android-тан iPhone-ға (ауысады – ред.).

Марк Цукерберг.

Контекст

  • Жақында WhatsApp әкімшілігі бір топта 512 қатысушы бола алатынын хабарлаған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz