Twitter желісі Nintendo-ның фейк парақшасын тіркеген

Twitter қатесінен Nintendo-ның фейк аккаунты тексеруден өтіп, көк белгіні алған. Кейін аккаунт авторы парақшасына әдепсіз қимыл көрсетіп тұрған Марио ойынының кейіпкерін жүктеген. Бұл туралы Sports.ru хабарлады. Қазір фейк парақша бұғатталған.

3Dnews сайтының Kotaku ресурсына сілтеп хабарлауынша, кейінгі күндері әлеуметтік желіде Nintendo-дан басқа да Twitter верификациясын өтіп, арнайы белгі алған Valve, Rockstar Games және Twitch ойын компанияларының жалған парақшалары пайда болған. Авторлар мұндай аккаунттың көбеюі Blue жазылымының іске қосылуымен байланысты болуы мүмкін екенін айтады. Оған сәйкес, әлеуметтік желі қолданушылары арнайы көк белгіні $8 долларға сатып ала алады.

Контекст

Жақында Twitter-ді сатып алған Илон Маск әлеуметтік желінің кейбір қолданушысына қатысты жаңа қатаң шаралар енгізетінін мәлімдеді. Ол өзінің парақшасында енді Twitter-де «пародия» деген белгіні көрсетпей, басқа адамның атынан парақша ашып, пайдаланғандардың аккаунттары бұғатталатынын айтты.

Factcheck.kz