Stack Overflow сайтында жасанды интеллект жауабына уақытша тыйым салынды

Өңдеушілер мен программистерге арналған Stack Overflow сұрақ-жауап сайты ChatGPT чат-боты жасаған жауаптарды бөлісуге уақытша тыйым салды. Олардың сөзінше, жасанды интеллект көп жағдайда қате жібереді. Бұл туралы The Verge хабарлады.

Сайт модераторларының айтуынша, бұл тыйым уақытша және қорытынды шешім біраз уақыттан кейін қабылданады.

ChatGPT — GPT-3.5 мәтін генераторы негізінде OpenAI жасаған эксперименттік чат-боты. Өткен аптада ғана шығарылған бот веб-қолданушылар арасында кеңінен танымал болды. Ол поэзия, ән, теледидар сценарийін, код жолын жазу сияқты сұрақтарға ерекше жауаптар ұсынады.

Негізгі мәселе — ChatGPT жауаптары әдетте дұрыс әрі оңай көрінгенімен, олардың көбі қате.

Stack Overflow модераторлары

Тыйым кезінде пайдаланушы Stack Overflow-та жауап беру үшін ChatGPT қолданса, оған контентін жарияламау секілді шектеулер қойылады.

Factcheck.kz