Сарапшылар Украинада адам құқығы жаппай бұзылғанын хабарлады

Ресей Украинаға басып кіргелі Украинада Халықаралық гуманитарлық құқық нормаларының жаппай бұзылуы тіркелді. Бұл туралы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының институтының бірі) есебіне сілтеп, DW сайты хабарлады.

Құжат авторларының жазуынша, ең ауыр жағдай Мариупольдегі драма театр мен Краматорск теміржол вокзалын бомбамен атқылаған кезде тіркелген.

Сонымен қатар, олар Ресей әскерінің қоршауында қалған Украинаның қалаларына алаңдайды. Бюро мәліметінше, тұрғындарға эвакуация жасауға мүмкіндік берілмеген.

Сарапшылар Ресей тарапының әрекеттерін адам құқығының негізін өрескел бұзу деп санайды. Баяндамаға сәйкес, куәгерлер өлім жазасы, қамауға алу, азаптау, жыныстық зорлық-зомбылық және адам ұрлау фактісі туралы хабарлаған.

Есепте Украина әскері де халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын бұзғанын жазған. Алайда ауқымы жағынан Ресей әскерінікі жоғары.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz