Францияда журналист Жамал Хашоггиді өлтірді деген күдікпен Сауд Арабиясының 33 жастағы азаматы ұсталды. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.
BBC сайтының жазуынша, ұсталған азамат корольдік гвардияның 33 жастағы сарбазы Халед Айед әл-Отайби. Ол 7 желтоқсанда Париждің Шарль-де-Голль әуежайында ұсталған.
Сонымен қатар, ол Түркия билігі Хашоггидің ісі бойынша іздеу жариялаған 26 саудиялықтың бірі екені айтылған. Енді оны Түркияға экстрадициялау мәселесін сот шешеді.
Контекст
- Сауд Арабия режимі мен тақ мұрагерін ашық сынаған Хашогги 2018 жылдың қазан айында Стамбулда Сауд Арабия консулдығында өлтіріліп, денесі бөлшектелген.
- БҰҰ-ның ресми өкілі Аньес Каламар журналистің өлімінен кейін зерттеу жүргізіп, «Хашогги Сауд Арабиясының лауазымды тұлғалары ұйымдастарған аяусыз жасалған қастандықтың құрбаны болды» деп мәлімдеген.