Минскіде тәуелсіз медиа журналистеріне қатысты сот ісі басталды

Минск қалалық сотында тәуелсіз медианың бірі саналатын “Тут Бай Медиа” редакциясы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті. Бұл туралы BBC арнасы хабарлады.

Айыпталушылар — порталдың бас директоры Людмила Чекина, бас редактор Марина Золотова. Сонымен қатар журналистер Ольга Лойкоға, Рене Толкачеваға және кәсіпорынның заң кеңесшісі Екатерина Ткаченкоға айып тағылды, бірақ олар бұрын Беларусьтен кеткендіктен сот отырысына қатыспады.

2022 жылғы қазанда Беларусьтің мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (МҚК) Лойко мен Толкачеваны “террористік әрекетке қатысы бар адамдар” тізіміне енгізді.

Медиа қызметкерлері салықтан жалтару, әлеуметті араздық тудыру және Беларусьтің ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіру баптары бойынша айыпталып отыр. Олар 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сот жабық режимде өтті, сондықтан оған қатысты әлі нақты ақпарат жоқ.

Айта кетейік, 2020 жылғы 3 желтоқсанда Минск экономикалық соты Tut.by порталын БАҚ мәртебесін айырды.

Factcheck.kz