Қытай билігі аустралиялық тележүргізушіні «‎тыңшылық жасады» деген күдікпен қамауға алды

Қытай билігі қытайлық CGTN телеарнасында жұмыс істейтін аустралиялық тележүргізушіні «тыңшылық жасады» деген күдікпен қамауға алды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Чен Лэй алты ай қамауда болғаннан кейін Қытай билігі Аустралия үкіметіне қамауға алынғанын хабарлаған. Ал Аустралияның Сыртқы істер министрі Мариз Пейннің айтуынша, Қытайда 2020 жылдың 13 тамызынан бері қамауда отырған Чен Лэй ресми түрде 5 ақпанда қамауға алынған.

«Қытай билігі Чен ханым шетелге мемлекеттік құпияларды берді деген күдікпен қамауға алынғанын хабарлады», – делінген хабарламада.

Пейн Аустралия азаматына қатысты барлық халықаралық норма cақталатына сенетінін айтты. Аустралия сыртқы істер министрлігі Чен Лэйге тағылған айыптар өте ауқымды екенін хабарлап, сот ісі бірнеше айға созылуы мүмкін екенін ескертті.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz