Коронавирус туралы хабарлаған қытайлық жеті журналист әлі қамауда отыр

Әлемде пандемия жарияланғалы бері Қытайдағы жеті журналист коронавирус туралы айтқаны үшін әлі де тергеу изоляторында отыр. Бұл туралы журналистер құқығын қорғайтын халықаралық “Шекарасыз тілшілер” ұйымы хабарлады.

Жалпы Уханьдағы эпидемия туралы хабарлаған 10 қытайлық журналист қамауға алынған. Олардың үшеуі босатылған. Ал жеті журналистің арасынан екеуі бас бостандығынан айырылды.

37 жастағы Цзян Цзянь (Zhang Zhan) “тәртіпсіздік қоздырғаны үшін” төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Уханнан тікелей эфир жүргізген. 69 жастағы Цзяньцзян Рен (Ren Zhiqiang) елдегі режимнің пандемиямен күресе алмайтынын жазып 18 жылға сотталды. Ол сыбайлас жемқорлыққа байланысты айыпталды.

Бұған қоса Бин Фань (Fang Bin) атты журналист 9 ақпанда Ухань ауруханасында лық толған адамдар жайлы репортажынан кейін жоғалып кетті.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz