Киану Ривздың жалғыздығы жайлы сұхбат жалған болып шықты

БАҚ-та жарияланған Голливуд актеры Киану Ривздың жалғыздығы жайлы жайлы оқиға жалған болып шықты. Бұл жайлы актердың өкілі хабарлады. Алайда, актермен сұхбаттасқан журналист бұл мәлімдемеге наразы.

Ақпараттың “жалған” екенін HuffPost басылымы хабарлады. Редакция малайзиялық Star2.com сайтында жарияланған сұхбатқа назар аударды. 

Сұхбатта 54 жастағы актер “ол үшін «романтикалық махаббат» деген не” сұрағына, өзінің жалғыз екенін мойындағаны жазылған. Сұхбатта сенер болсақ, Ривз:  

«Сіз романтикалық махаббат жайлы айтып тұрсыз ба? Білесіз бе, мен жалғызбын. Менің өмірімде ешкім жоқ. Өмірімде біреу пайда болса, ол адамды құрметтеп, жақсы көруші едім. Болашақта ондай адамды кездестіремін деп үміттенемін» деп мәлімдеді. 

Кейіннен актердің өкілі HuffPost-қа берген сұхбатында Ривз Star2.com сайтына сұхбат бермегенін айтқан. 

«Мұндай сұхбат болған жоқ. Бұл мақаланы бірнеше сұхбатты біріктіріп жасаған, сұрақтардың көбіне Ривз жауап бермеген. Бұл жалған мақала» деп хабарлады.  

Киану Ривздың малайзиялық басылымған берген атышулы сұхбаты мамырдың 28-і жарияланған және әлі күнге дейін өшірілмеген.

Маусымның 2-сі бұл оқиғада жаңа деректер пайда болды. Star2.com редакциясы “фейк жасады” деп айыптағандарға жауап ретінде жаңа мақала жариялады. Мақалада сұхбаттың фейк емес екені және мақаланы американдық журналист Филипп Берк жазғаны айтылған. 

Сондай-ақ, Берктің журналистердің коммерциялық емес ұйымының, Голливудтың шетелдік баспасөз қауымдастығының мүшесі (бұрынғы президенті) екені жазылған. Қауымдастық түрлі медиа топтар мен шет елдерді АҚШ-тағы көңіл-көтеру өндірісі жайлы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Оның үстіне HFPA «Золотой глобус» жүлдесін ұйымдастырушы. 

Star2.com «Берк Star Media Group үшін бұрыннан шолулар жасайды. Ол 2019 жылдың сәуір айында HFPA-ның және Ривздың баспасөз конференциясында Four Seasons New York-те актермен сұхбаттасқанын растады. Конференцияда Киану Ривз “Джон Вик: Глава 3 – Парабеллум” фильмін жарнамалаған болатын» деп хабарлады. 

Қырық жылдық тәжірибесі бар журналист Филипп Берк «актермен өткізген сұхбат “фейк жаңалық”» деген мәлімдемені жоққа шығарды.

Factcheck.kz