Канада вице-премьерінің әжесі Гитлермен фотоға түскен бе?

Интернетте Адольф Гитлер және Йозеф Геббельспен бірге түскен әйелдің фотосы тарап кетті. Желі қолданушылары суреттегі әйелді Канаданың премьер-министрінің орынбасары Христи Фриландтың әжесі деп топшылауда. Reuters фактчекерлері ақпаратты тексеріп көрді.

Интернетте Адольф Гитлер және Йозеф Геббельспен бірге түскен әйелдің фотосы тарап кетті. Желі қолданушылары суреттегі әйелді Канаданың вице премьер-министрінің орынбасары Христи Фриландтың әжесі деп топшылаған. Reuters фактчекерлері ақпаратты тексеріп көрді.

Facebook қолданушысының бірі дәл осы суретті жариялап, онда : «Гитлер мен Йозеф Геббельстің жанында тұрған кісі — Христи Фриландтың әжесі. Нацистік партияны насихаттаушы. Аумайды емес пе? Әжейдің атасы «Краков жаңалықтарының» бас редакторы болған.» деп жазды.

https://twitter.com/DavidWolfe/status/1565425036118327302?s=20&t=9Fn67H2OWdJOFntqa2QzXA

Осыған ұқсас жазбаларды Facebook желісінің басқа қолданушыларының аккаунтынан (мұнда және мұнда ) және Twitter-ден көруге болады.

Шын мәнінде суреттегі әйелдің есімі — Магда Геббельс. Ол — Йозеф Геббельстің жұбайы, яғни суреттегі әйел Христи Фриландтың әжесі екені туралы ақпарат жалған.

Getty Images медиа компаниясы тарихи суреттегі әйелді 1930 жылдардағы Магда Геббельс деп сипаттайды. Сонымен қатар басқа да медиа бұл суретті Йозеф Геббельске қатысты хабарлар үшін бірнеше рет пайдаланған (мұнда, мұнда және мұнда).

Factcheck.kz