Иранда митиңге қатысқан адам өлім жазасына кесілді

Тегеран соты 22 жастағы ирандық Махса Аминидің өлімінен соң басталған наразылық акциясына қатысушылардың бірін өлім жазасына кесті. Оған қоса тағы бес адамды бас бостандығынан айырды деп хабарлады Deutsche Welle.

Бұл — қыркүйектің ортасынан бері жалғасып келе жатқан митиңгіге қатысушыларға тағайындалған ең алғашқы өлім жазасы.

Сотталушының жеке басына не жынысына қатысты мәлімет жоқ. Алайда ол үкімет ғимаратын өртеу, қоғамдық тәртіпті бұзу және «ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіру” қылмыстары бойынша кінәлі деп танылған. Сонымен бірге оны “жемқорлыққа” және Иран заңы бойынша аса ауыр қылмыс саналатын, өлім жазасына әкелетін “мохаребе” — “Құдайға қарсы соғыс” деген айыптар тағылған.

Тегеранның басқа сот отырысында митиңгіге қатысқан тағы бес адам бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар “ұлттық қауіпсіздікке қарсы қылмыс жасауда сөз байласты” және “бейбітшілікті бұзды” деп айыпталды. Алайда сотталушылардың аппеляция шағымын түсіруге құқығы бар.

Еске салайық, Ирандағы наразылық қыркүйектің ортасында 22 жастағы Махса Аминидің өлімінен кейін басталды. Полиция Аминиді хиджабты дұрыс кимегені үшін ұстап әкеткен. Кейін қыз ауруханаға түсіп, көп ұзамай қайтыс болды. Марқұмның туыстары Амини қамауға алынған кезіндегі соққылардан қайтыс болды деп есептейді. Ал полиция мұны жоққа шығарып отыр.

Factcheck.kz