HRW: Ресей әскерилері Украина оңтүстігінде бейбіт тұрғындарды азаптады

Халықаралық Human Rights Watch (HRW) адам құқығын қорғау ұйымы Украинаның оңтүстігіндегі басып алынған аймақтардағы азаптаулар туралы есебін жариялады. Бұл туралы HRW сайтында хабарланды.

Баяндамаға сай, Ресей қарулы күштері Херсон мен Запорожье облысында әскери тұтқындар мен бейбіт тұрғындарды азаптаған.

Бұдан бөлек, құқық қорғаушылар ондаған адамның куәлігіне сүйеніп, азаматтардың із-түзсіз жоғалуы немесе олардың негізсіз ұсталуына Ресей күштерінің қатысы бары туралы 40-тан астам жағдайды құжатқа түсірген. 

HRW жазуынша, кейбір тұтқындар сыртқы әлемнен оқшауланған, көбі азаптауға ұшыраған. Құқық қорғаушылар үш әскери тұтқынның азапталғанын анықтаған, оның екеуі қайтыс болған. 

«Медуза» сайты HRW баяндамасы туралы хабарламасында азапталғандардың ішінде Ресейге қарсы наразылық ұйымдастырушылар мен оған қатысушылар, журналистер, жергілікті шенеуніктер барына назар аударады.

Контекст

Ресей билігі Украинадағы әскери қылмыстарға қатысы барын мойындамайды. Буча мен Киев облысының өзге елді мекендеріндегі қырғынға қатысты түсініктеме берген Ресей билігі оны «жасанды қойылым» деп атаған. HRW-тың 22 шілде күнгі есебінде Ресей жағының реакциясы жөнінде айтылмайды. 

Редакция
Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2016 года. Член международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)