Буча мен Ирпеньде қаза тапқандардың денесінен металл жебе табылған

Украинаның Буча және Ирпень қаласы Ресей әскерінің бақылауында болған кезде ондаған бейбіт тұрғын флешет жебесінен қаза тапқан. Бұл туралы британиялық The Guardian газеті Украинаның сот-медициналық сарапшыларына сілтеме жасап хабарлады.

Атап айтқанда, флешеттер қаза тапқандардың басы мен кеудесінен табылған.

Буча мен Ирпеньде қаза тапқандардың денесінен металл жебе табылған
Бучада қаза тапқан адамның денесінен табылған флешет. Фото: The Guardian

Флешет — ұзындығы 3-4 сантиметр металл жебе. Мұндай қаруды артиллерия немесе танк снарядтарына (бір снарядқа сегіз мың жебеге дейін) орналастырылады. Снаряд атылған соң 100 метр қашыққа дейін жан-жаққа шашырайды.

Мұндай қару 20 ғасырдың басында ойлап табылған. Бұған қоса бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қолданылған. Жалпы флешетті қолдануға тыйым салынбаған. Десе де, оны халық тығыз орналасқан аймақтарда пайдалану гуманитарлық құқықты бұзады.

Бұған дейін 18 сәуірде америкалық The Washington Post басылымы Бучада флешет қолданылғанын хабарлаған. Сол кезде Украина Құрлық әскерінің қолбасшылығы украин армиясы флешет пайдаланбайтынын мәлімдеді.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz