«Голос Америки»: Беларусьте тәуелсіз журналистер қамауда отыр

Беларусь соты “Радио Свободная Европа/Радио Свобода” беларусь қызметінің фрилансері Андрей Кузенчикке “экстремистік ұйым құрды” деген айып тағып, алты жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы “Голос Америки” сайты хабарлады.

«Голос Америки» дерегінше, бұған дейін Беларусь бигілі АҚШ қаржыландыратын «Радио Свободная Европа/Радио Свобода» және басқа да тәуелсіз медианы «экстремистік» деп таныған. Ал олардың кейбірі Александр Лукашенко режимі оппозиционерлерді қудалағаны туралы материалдар жариялағаны үшін «террорлық ұйымдар» тізіміне енген.

«Весна-96» құқық қорғау ұйымының дерегінше, Беларусьте 1200-ден астам саяси тұтқын, оның ішінде 30-ға жуық журналист қамауда отыр.

Белорусь журналистер қауымдастығының төрағасы Андрей Бастунец “Голос Америки” редакциясына берген сұқбатында “халықаралық қауымдастық, азаматтық белсенділер, журналистік ұйымдар, әртүрлі елдің үкіметаралық құрылымдары Беларусь билігінен қамаудағы журналистер мен басқа да тұтқындарды босатуды талап етуі керектігін” айтты.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz