Фейк | Илон Маск бұғатталған барлық Twitter аккаунтты қалпына келтірмекші

Әлеуметтік желіде The New York Times мақаласының «скриншоты» тарады. Оның тақырыбында миллиардер Илон Маск АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың аккаунтынан басқа бұғатталған барлық Twitter парақшаларын қалпына келтіруді жоспарлағаны жазылған.

Reuters фактчекерлері ақпараттың қаншалықты рас екенін тексеріп көрді.

Сонымен бірге суреттегі тақырып астында мынадай цитата жазылған: “Бұл ұсақ-түйек болып көрінуі мүмкін, бірақ маған ол ұнамайды”.

Фейк | Илон Маск бұғатталған барлық Twitter аккаунтты қалпына келтірмекші
Twitter скриншоты

Дәл осындай мәлімдемені бірнеше жерден көруге болады (мұнда және мұнда).

Скриншоттағы қаріп пен тақырып стилі шынымен The New York Times-тікіне ұқсайды. Алайда басылым өкілдері Reuters агенттігіне: “The New York Times мұндай тақырыпта мақала жазбады және жарияламады”,-деп мәлімдеді.

The New York Times веб-сайтындағы және газеттің ресми арнасындағы кеңейтілген Twitter іздеу жүйесі де мақаланы таппады.

Скриншот The New York Times басылымының Илон Масктың дәл осы суретімен жариялаған түпнұсқа материалын өңдеу арқылы жасалған болуы мүмкін. Материал қазанның соңында, миллиардер Twitter-ді сатып алғаннан кейін пайда болды (мұнда).

Reuters жалған тақырып жазылған жазбаның ең алғаш қашан жарияланғанын білуге тырысып, фактчекерлер 28 қазандағы жазбаны тапты. Алайда ондағы мәлімде әзіл ретінде жазылғаны белгілі болды (мұнда).

Factcheck.kz