Credder жаңа қызметі журналистердің жұмысына баға береді

«Жаңалықтарға арналған Rotten Tomatoes» қызметі деп таныстырылған жаңа Credder өнімі шығуға дайын тұр. PressGazette сайтының айтуы бойынша жаңа өнім ақпараттық басылымның сенімділігіне анықтайтын NewsGuard қызметіне бәсекелес болмақ деп MediaMedia телеграм каналы хабарлады.  

Credder-дің бәсекелесіне қарағанда тек бүкіл сайттың сенімділігін анықтап қана қоймайды. Жаңа қызмет түрі белгілі бір мақалалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.  

Credder-мен қатар атақты журналистер тобы мен қарапайым оқырмандар мақалаға өз бағасын береді. 

Жобаның негізін қалаушылардың бірі Чейз Палмьери жаңа бағдарламаның арқасында басылымдар “қаралымға” емес, оқырманның сеніміне жұмыс істейтін болады.  

Неліктен Rotten Tomatoes қызметімен салыстырды деген сұраққа Пальмери былай деп жауап берді: киноқызмет көруге кино ұсынбайды, тек адамдардың киноға берген бағасын көрсетеді. Credder-де осындай деңгейге жеткісі келеді.  

Rotten Tomatoes пен Credder арасында байланыс көп. Мысалы, фильмді бағалауға арналған қызметтің негізін қалаушы Патрик Ли мақалаларға бағасын беретін сарапшылардың тізімнде бар.  

Әзірге, қызмет сынақ мерзімінде сұраныс бойынша қолжетімді.

 

Factcheck.kz