CPJ: Қырғызстан “Азаттық” жұмысына кедергі келтіруді доғаруы керек

Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) Қырғызстан билігін “Азаттық” веб-сайтын және оның банк шотын ашуға шақырды.

Комитет үкіметтің шешімін “цензура” деп атады. Оған қоса оларға тәуелсіз медиаға жау ретінде қарауды доғаруы және кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беруі керек екенін айтты.

Азаттық радиосының веб-сайтынан кейін радиостанцияның банк есепшотын бұғаттау Қырғыз билігінің елдегі ең маңызды ақпарат көздерінің біріне қысым көрсету үшін жасаған тағы бір шектен шыққан және анық заңсыз әрекеті болып саналады. Осы және басқа да Азаттық радиосының жұмысына кедергі келтіретін әрекеттер дереу тоқтатылуы керек.

Гүлноза Саид, Нью-Йоркте орналасқан CPJ бағдарламасының Еуропа және Орталық Азия бойынша үйлестірушісі

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі «Азаттықтың» қырғыз қызметінің сайтын екі айға бұғаттағанын хабарладық.

Factcheck.kz