Бішкек соты журналист Болот Теміровті ақтады

Бішкектің Свердлов аудандық соты журналист Болот Теміровті ақтады. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.

Журналист есірткі сақтау және мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге қатысты екі жағдай бойынша ақталып шықты. Ал «Құжаттарды қолдан жасау» бабы бойынша кінәлі деп танылды, бірақ қылмыс мерзімінің өтуіне байланысты жазадан босатылды.

Болот Теміров сот үкімі жарияланғанға дейінгі соңғы сөзінде журналистер мен сөз бостандығына қысым көрсетуге құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет белсенді түрде қатысып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, ол мұндай заңсыз құбылыстарды тоқтату және әділдікке бет бұру Фемиданың қолында екенін баса айтты.

Болот Теміровтің ісіне қатысты үкімді сот төрешісі Ақылбек Адимов оқыды.

“Болот Теміров ҚР ҚК 283-бабының 1-бөлігі («Есірткі, психотроптық және сол тектес заттарды сату, өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау»), ҚР Ұылмыстық кодекстің 378-бабының 20-бөлігі(«Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту») қарастыратын қылмыстар бойынша кінәсіз болып танылды. Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 27-бабының 1-бөлігінің 2-тармағының негізінде әрекетте қылмыс құрамы болмағаны үшін ақталды.”

Ақылбек Адимов, сот төрешісі
Бішкек соты журналист Болот Теміровті ақтады
Фото: Азаттық Радиосы

Сот отырысынан кейін Болот Теміров журналистерге сот шешімі әділдік үшін күрестің нәтижесі екенін айтты.

Алдағы уақытта мұндай жағдай көп болады деп ойлаймын. Бірақ бүгінгі шешімге сіздерсіз жетпес едік. Өйткені жұртшылық маған қатысты істі қадағалап, қолдау білдірмесе, сот әділ шешім шығармас еді. Бұл шешім сөз бостандығы үшін табанды күресіміздің арқасы. Екіншіден, біз сот жүйесіне тәуелсіз болуға мүмкіндік бердік. Бұдан былай біз сот жүйесіне қысым көрсетуден аулақ болып, оған қолдау көрсетіп, бақылауды жалғастыруымыз керек.”

Болот Теміров

Ал Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 379-бабының 2-бөлігіне («Құжаттарды қолдан жасау») сәйкес, төлқұжат алу кезінде жалған әскери билет пен жалған уақытша жеке куәлікті пайдалану қылмысы бойынша Болот Теміров кінәлі деп танылды, дегенмен қылмыстық қудалау мерзімінің өтуіне байланысты ешқандай жаза түрін өтемейді.

Factcheck.kz