Беларусьте журналист Славникова бес жылға сотталды

Беларусьте “Белсат” арнасының бұрынғы журналисі Ирина Славникова 5 жылға сотталды. Гомель облыстық соты Славникованы “қоғамдық тәртіпті бұзатын топтық әрекет ұйымдастырды» және «экстремистік топ құрды» деп таныды. Бұл туралы Golosameriki.com сайты хабарлады.

Тергеушілердің сөзінше, Славникова поляк медиа-ресурстарында экстремистік материалдарды жариялау үшін “арнайы топ жинаған”. Сонымен қатар, жаңалықтардың күн тәртібін белгілеп, “қылмыстық топтың қызметін қаржылай қамтамасыз еткен”.

Прокурор бастапқыда Славникованы 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда сот журналисті 5 жылға қамау туралы шешім шығарды.

Славникова мен оның жары Александр Лойко былтыр 30 қазанда Мысырдан келгеннен кейін Минск әуежайында ұсталды. Ирина Славникова алдымен әкімшілік бап бойынша қамауға алынды. Кейін оны қылмыстық іс бойынша “күдікті” деп таныды.

Славникованың әкесінің айтуынша, Ирина “Белсат” арнасында шамамен 10 жыл бұрын қызмет еткен. Әкесінің сөзінше, Славникова Польшаның ТVP телеарнасында жұмыс істеген.

Контекст

  • Жақында Беларусь соты «Радио Свободная Европа/Радио Свобода» беларусь қызметінің фрилансері Андрей Кузенчикке «экстремистік ұйым құрды» деген айып тағып, алты жылға бас бостандығынан айырды.
  • «Весна-96» құқық қорғау ұйымының дерегінше, Беларусьте 1200-ден астам саяси тұтқын, оның ішінде 30-ға жуық журналист қамауда отыр. Сонымен қатар, Golosameriki.com сайтының жазуынша, елде тәуелсіз журналистерді қудалау жалғасып жатыр.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz