Ағаш діңіндегі мумия иттің фотосы фейк пе?

Желіде ағаштың діңіне жабысып қалған мумия иттің қорқынышты фотосы тарап жатыр. Сурет сипаттамасында “Ағаш кесушілер қуыс ағаштың ішінен тапқанына сене алмады” деп жазылған. Snopes фактчекерлері ағаш кесушілердің бұрын шынымен ағаш діңінен қыстырылған мумия итті тапқанын, кейін оны музейге өткізгенін анықтады.

Ағаш діңіндегі мумия иттің фотосы фейк пе?
Twitter-ден алынған сурет

Суретте өлгеннен кейін “Стаки” деген атау берілген иттің сүйектері бейнеленген. Қазір ол Джорджиядағы Оңтүстік орман әлемі ( Southern Forest World ) музейінде көрмеге қойылған.

Итке қатысты қайғылы оқиға өткен ғасырдың 60-жылдарында болған деген болжам бар. Аңшы ит (оның тұқымын анықтау қиын, бірақ басқа басылымдарда “тазы ит” деп көрсетілген) жабайы аңды қуып бара жатқанда ағаштың қуысына қыстырылып қалған деседі. Ит өліп қалған және сүйегі 20 жыл бойы сол ағашта болған. Арада көп жыл өткен соң Georgia Kraft Corp компаниясының ағаш кесушілері ағаштың діңін кескен кезде иттің сүйектерін тауып алған. Алғашқыда бригада тапқанына сенер-сенбесін білмеген, кейін мумия ит қыстырылған ағаш музейде сақталуға лайық деп шешкен.

Atlantic Constitution газетінің 1985 жылғы мақаласында Стакидің оқиғасы баяндалған және сол кездегі Оңтүстік орман әлемі музейінің атқарушы директоры У.Дж.Мартиннің пікірі берілген. Онда ол: “Ағаштың қусында түтіндік эффектісі пайда болып, ауа жоғары қарай тартылған. Нәтижесінде жәндіктер мен басқа организмдер өлген жануардың иісін сезбеген” деп айтқан.

Стаки сүйегі 1980 жылдардан бері музейде тұрса да, оның суреттері 2018 жылы Newsweek Батыс университетінің зерттеушісі Кристина Киллгрмен жануардың қалай мумияға айналғаны жөнінде тілдесуінен кейін ғана кеңінен тарай бастады. (Hugo, Kristin. «Photos: Strange Phenomenon Left Dog Stuck in Tree for Almost 60 Years Without Rotting». Newsweek. 19 January 2018).

Зерттеуші Кристина Киллгр жануардың мумияға айналу процесін түсіндірді.

Әдетте адам немесе жануар өлген кезде ағзадағы микробтар биологиялық процестер басқаруынан шығады. Олар денені жей бастайды, кейін ішектегі микроорганизмдер шіриді. Олар өсіп, көбейіп, бүкіл денеге тарай бастайды.

Кристина Килгр, Батыс университетінің зерттеушісі

Бірақ ағаш моласына айналған Стакимен жағдай бұлай болған жоқ. Өйткені ағаштың бұл түрінде жануарлардың терісін алу кезінде қолданатын және оны шіруден сақтайтын танин бар. Киллгрдің айтуынша, ағаштағы төмен ылғалдылық ортасы микробтардың белсенділігін тоқтатқан.

Сонымен бірге Snopes фактчекерлері оқырмандарды мумия иттің оқиғасын толық білу үшін George Public Broadcasting «Georgia Traveler» бағдарламасының Стаки итке арналған шығарылымын көруге ұсынады.

Factcheck.kz