Профайл | Құранды өртеген Расмус Палудан деген кім?

Қаңтардың 21-де Расмус Палудан есімді белсенді Стокгольм қаласында орналасқан Түркия елшілігің алдында Құран кітабын өртеп, сөз бостандығының шектелуіне қарсы акция өткізді. Осыдан кейін әлем назары ислам дінін ұстанатындар үшін қасиетті кітапты өртеген дат белсендісіне түсті.  

Factcheck.kz Расмус Палудан кім деген сұраққа жауап іздеп көрді.

Стокгольмдегі акция туралы

Щвеция билігі белсендіге Түркиядағы сөз бостандығына қатысты митиң өткізуге ғана рұқсат берген. Алайда ол акция барысында Құранды өртейтінін билікке ескерткені не ескертпегені белгісіз.

Щвецияның сыртқы істер министрі Тобиас Билльстрем әлеуметтік желіде болған жағдайға байланысты көзқарасын білдірді:

Исламофобиялық арандатулар қорқынышты. Швецияда сөз бостандығы өте ауқымды және бұл Швеция үкіметі немесе мен өзім айтқан пікірлерді [белсенді – ред.] қолдаймын дегенді білдірмейді.

Тобиас Билльстрем, Щвецияның сыртқы істер министрі

Палудан Құранды өртеген соң, Еуропалық Түрік Демократия Одағы (UETD) дәл сол Түркия елшілігінің алдында Түркия мен Ердоғанды қолдайтын шеру өткізуге рұқсат алған.

Ал Түркияда Расмус Палуданға қарсы шеру басталып, шараға қатысушылар Щвецияның туын өртеп жіберді.

https://static.euronews.com/articles/stories/07/32/45/12/773x435_cmsv2_ad7a2299-7a69-5c94-834d-af62f018b589-7324512.jpg
Түркиядағы Расмус Палуданға қарсы шеруде *дереккөз: euronews.com

Наразылықтың жиілеуіне швед басылымдарының ақпаратты бұрмалауы себеп болған. Материалдарда белсендінің Құранды өртеу үшін арнайы митиң ұйымдастыруға рұқсат алғаны туралы жазылған [мында, мында және мында].

Бұған дейін де… 

  • Данияның оңшыл саяси париясының жетекшісі Расмус Полудан 2020 жылы Мальме қаласында Құранның көшірмесін өртеп жібергеннен кейін, қалада тәртіпсіздіктер басталған. Тәртіпсіздік барысында 300-ге жуық адам көліктерді өртеп, полицияға шабуылдаған. Нәтижесінде 10 адам қамауға алынып, бірнеше полиция қызметкері жарақаттанған. Осыдан кейін Полуданға екі жыл ішінде елге оралуға тыйым салынды.
  • Кейінірек 2020 жылдың қазан айында саясаткер Берлинде мұсылмандарға қарсы арандатушылық демонстрация өткізу жоспарын жариялағаннан соң Германияға кіруге тыйым салынды.
  • Палудан 2020 жылы Белгияға бір жыл кіру құқығынан айырылды. Себебі, Брюссельдегі мұсылмандар тұратын ауданда Құранды “өртеу” жоспары болған.
  • Кейіннен саясаткер Парижде де дәл осындай акция ұсынғаннан кейін Франциядан депортацияланған.
  • 2022 жылы Рамазан айында белсенді ұсынған Құранды өртеу “туры” да қоғам тарапынан наразылыққа тап болған еді.

Расмус Палудан туралы

  • Саясаткер Палудан алғаш рет 2017 жылы YouTube-та мұсылмандарға қарсы видеолар түсіре бастаған тұста көпшілік назарын аударды. Ол Құранды өртеу, сөз бостандығына құрмет деген пікірде екендігін жеткізген.
  • 2019 жылы Палудан нәсілшіл сөздер үшін Данияда 14 күнге қамалған. 
  • Расмус Палудан 2019 жылы Даниядағы Ұлттық сайлауда бірде-бір дауыс жинамады.
  • Полудан 2023 жылдың маусымында сайлауға қайта түсуді жоспарлап отыр, әзірге кандидатурасын ұсыну үшін қажетті қолды жинай алмады.
  • Қазір Расмус Палудан жетекшілік ететін Оңшыл партияның сайты бұғатталған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі (2021). Әлеуметтік ғылымдар магистрі (2023). OMS (Online Media School, 2020) және OFA (Online Factcheck Academy, 2021) түлегі.

Factcheck.kz