Пікір | 90-жылдарға оралу немесе 1937 жылға шегініс

Factcheck.kz негізін салушы Әділ Джалилов Қазақстан заңнамасындағы кейбір түзетуді және олар не себепті әрқайсымызға әсер ететінін талдап көрді. Бірден айтқанымыз жөн болар, талдауымыз әлдекімдердің шамына тиіп кетуі әбден мүмкін.

Бүгін «балалар құқығын қорғау туралы» түзетулер бойынша бірінші оқылым өтеді. Кибербуллингпен күрес деген желеумен ірі IT-платформаларды Қазақстанда өкілдік ашуға міндеттеу және оларға басшысын жергілікті азаматтардан тағайындау ұсынылды. Бұл идеяны бағалау үшін әуелі бізді және біздің құқығымызды, балаларымызды әлеуметтік желідегі резонанс жағдайлар немесе қажырлы құқық қорғау органдары дәлел екенін ұмытпау жеткілікті. 

Жақында белгілі зерттеуші журналист Христо Грозев Ресей Youtube, Twitter және интернеттің басқа да шетелдік сегментін жабу жоспарын дайындап жатқанын айтты. Бұл аккредиттелмейтін хостинг провайдерлерінің 2 жыл ішінде 24 кбит/с дейін біртіндеп баяулауы арқылы болады.

Аккредиттелген платформалар арнайы қызметтерге әр қолданушының SSL сеанстарын, логині мен IP адресін қоса алғанда барлық ақпаратты беруге міндетті болады. «Аноним деген нәрсе мүлдем болмайды», – деді Грозев. Тіркелмеген платформалар жылдамдығы қолданушылар үшін телефон желісі арқылы қосылған 1990-жылдардағыдай баяулайды.

Қазақстандықтар бұл оларға әсер етпейді деп ойлайды. Әттең, олай емес. Бүгін Қазақстан Парламенті «балаларды қорғау туралы» заңдарға түзетулер енгізеді. 59 түзетудің ішінде депутаттар Динара Закиева мен Айдос Сарымның бастамасымен ресейлік заңдарға ұқсас жасырылған төрт түзету бар.

Олар мыналар: шетелдік интернет-платформаларға 6 ай ішінде Қазақстанда өкілдігін тіркеуге міндеттеу, олардың басшысы Қазақстан азаматы болуға тиіс. Тіркелмеген немесе уәкілетті орган талаптарын орындамағандарды елде өшіруі мүмкін. Уәкілетті орган ешбір сотсыз немесе кідіріссіз «өшіруді» баса алады.

Бізге мәлімі сол, Қазақстан балаларды «қорғай» алатыны сонша, олардың көпшілігі үнемі зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Абай ауылындағы баланың оқиғасын және басқаларды қараңыз. Айтпақшы, уәкілетті органдар зорлық-зомбылық пен қорлауға бірнеше ай бойы көз жұмып жүре алады. Ондай жағдайлар түзетулер әзірлеуге себеп болған «кибербуллингіге» қарағанда әлдеқайда анық еді.

Facebook, Google және басқалардың өкілдігін елде ашуға мәжбүр етіп жатқанын, өкілдікке қазақстандықтарды басшы етіп тағайындайтынын білген адамның көбі «оның несі жаман» деуі мүмкін. Капиталистер шашыла берсін. Сол баяғы, жұмыс орындары ашылады деп ойлайды.

Өз басым, Цукербергтің де, басқасының да шығынында шаруам жоқ. Демократиялық елде өмір сүріп жатсақ, оның мән-мағынасы болар еді. Өкінішке қарай, біз авторитар мемлекетте тұрамыз. Сондықтан барлық авторитар елдегідей, хаттарды рұқсатсыз оқып, қолданушылардың атын жасырмай, осылайша жеке цифрлық шекараны бұзуға тырысады. Тым болмаса, Pegasus туралы оқиғаны немесе Ұлттық қауіпсіздік сертификаты жайлы оқыңыз. 

Қазақстанда инфрақұрылым болса, олар дерек орталықтарын барлық сервер қашықтығын жаяу баруға болатындай етіп орналастыруға тырысатынына сенімдімін. Елде Google мен Facebook кеңселерінің болуы, тіпті олардың жергілікті басшылары азаматтар өмірін жақсарта алмайды. Дегенмен бұл қауіпсіздік күштері мен жалпы билікке бірден көптеген артықшылық береді.

Қандайда бір қолданушы туралы, оның контактілері мен жазысқан хаттары жайлы ақпарат жоқ дейсіз бе? Оған қоңырау шалынса немесе хабарландыру келсе болды, барлық ақпарат ашылады. Оны ашуға себеп жеткілікті болуы мүмкін. Мысалы, Х деген азаматтан лаңкестермен байланысы бар деп күдіктенеді. Ол адамның бағаның өсуіне қарсылық білдіріп пост жазғаны маңызды емес. Ең жақсысы (шенеунік үшін) – Facebook және тағы басқа өкілдіктері мемлекеттен тапсырыс алып отырған газеттер сияқты «айтқанға көніп отырғаны». Дәл осылай, түзетулер авторлары ойлағандай, кез келген адамды оңай бұғаттауға болады.

«Жақсы – дерсіз, – ал алмасқан хаттарды оқу мен қолданушыны жасырмауда тұрған не бар?» Заң бұзбаймыз, әзілдерді тек WhatsApp арқылы жібереміз, ары кетсе балалардың сабақ кестесін жіберерміз. «Ал кибербуллингіге қарсы қосымша қалқанның несі жаман?»

Жалпы мемлекетті де, депутаттарды да кибербуллинг пен балаларды қорғау аса бір алаңдатып тұрған жоқ десек, қателеспейміз. Оның үстіне, барлық сервисте әкімшілерге шағымдана аласыз және өрескел контентті блоктай аласыз. Біздің билік балаларымыздың денсаулығына соншалық алаңдаса, онда сол Абайдағы бала 6 ай бойы қиналмас еді. Әлеуметтік желідегі шу шықпайынша қиналмас еді. Сондықтан бізді билік озбырлығынан немесе әрекетсіздігінен және одан да үлкені – сыбайлас жемқорлықтан қорғайтын әлеуметтік желілер мен мессенджерлер болып отыр.

Біз салыстырмалы түрде КСРО-дан жақында шықтық, онда бәрі саяси тақырыпта қалжыңдасуға қорқатын. Көз алдымызға Түркіменстан мен Солтүстік Корея сияқты елдер келеді. Еркіндік жоқ жерде, тіпті саясат туралы әзілдеуге де мүмкіндік жоқ. Мұндай режим адамдардың қорыққаны арқасында орнап тұр. Арнайы қызметтердің мүмкіндігін күшейту және анонимді болмау азаматтардың қорқынышын арттыруға бағытталған. Бұл қорқыныш режимдердің өмірін ұзартуға бағытталған.

Сенсеңіз, бізге қорқыныш та, IT алыптары өкілдігі де қажет емес. Тым болмағанда, әзірше керек емес. Мұнда тіпті бірден бірнеше ірі салық төлеушінің пайда болу перспективасы маңызды емес. Алып платформалардың болуының пайдасы – сөз бостандығы. Өйткені біздің авторитар мемлекет сол бостандықты осы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге қуып тықты. Бізде, іс жүзінде, мемлекеттен тәуелсіз арналар мен газеттер жоқ.

Бірақ мұның бәрін басқа жағынан, сол Youtube пен Ко призмасынан қарап көрейік. Олардың көпшілігі  авторитар режимнің айтқанына көнуге асықпайды. Олар, әрине, Қазақстан билігі ойын да, өздерінің елдегі аккредитация салдарын да түсінеді. Facebook-ке және басқаларға ниет түзулігі дәрежесі нарық көлеміне пропорционал болуы мүмкін деп болжауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстанға аса бір үлкен шығын келейін деп тұрған жоқ. Егер IT-алыптар жексұрын режимге тым жақын болса, олар әйтеуір бір санкцияларға түсуі мүмкін.

Қазір қолданушылардың көбі қабылданайын деп жатқан түзетулерге сүлесоқ және бей-жай қарап отыр. Өкінішке қарай, бұл сүлесоқтық 6 ай ішінде оларды негізгі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге кіруден айыруы мүмкін.

Қысқаша, мынаны айтайын: біздің балаларды қорғауға арнайы қызметтерді күшейтетін жалған патриот заңдар көмектеспейді. Бізді және балаларымызды қорғайтын – әлеуметтік желілер мен мессенджерлер, онда проблемаларды көрсетіп, резонанс тудыруға болады. Олардың кеңсесі Қазақстаннан неғұрлым алыс болса, соғұрлым жақсы. Қалай болғанда да, біз өркениетті мемлекетті, қағаз жүзінде емес іс жүзінде демократия құрғанша солай болғаны дұрыс.

Директор Международного центра журналистики MediaNet, медиа-тренер, консультант, журналист. Инициатор и разработчик нескольких обучающих проектов: «Практическая журналистика», Медиа-Школа (независимая школа журналистики) и др. Основатель Factcheck.kz

Factcheck.kz