БАҚ-қа деген сенімді қалай қалпына келтіреміз?

Көптеген салаларда баға, бренд және сараптамалар сияқты өлшемдер арқылы өнім сапасын анықтау оңай. Бірақ журналистикада, талғампаз қасиеттер неғұрлым күрделі болып келеді, маңызды себептері ретінде сандық дәуірде, ертеде қалыптасқан журналистік стандарттарды ұстанатын BBC немесе The New York Times сияқты сенімді брендтер жарияланымдардың, блогтардың және қоғамдық өмірге қатысы сараптамаларының саны бойынша айтарлықтай дәрежеде басқалардан асып түсетіндігін айтуға болады.

Сондықтан, соңғы жылдары “жалған жаңалықтар” туралы түрлі жағымсыз пікірлердің таралуына байланысты бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенім күрт төмендеуі таң қаларлық жағдай емес. Reuters Институтының  2017 жылғы Сандық жаңалықтар туралы есебінің деректері бойынша жаңалықтарды үнемі оқитындар оны айтарлықтай скептицизммен жасайды. Пайдаланушылардың шамамен 50% өздері бақылағысы келетін медиа-брендтерге сенеді; өздері бақыламайтын басқа да ақпарат таратушыларға сенім әлдеқайда төмен. БАҚ-ның өте көп нұсқалары мен оларға деген өте төмен сенім әсерінен адамдардың үштен бір бөлігі жаңалықтарды бақылап тұруды тоқтатты.

Бірақ жаңалық журналистикасы жай ғана шығын емес. Бұл азаматтарға билік тарапынан қабылданған шешімдерден хабардар болуға мүмкіндік беретін және билікте жүрген адамдарды жауапкершілікке тартуға көмектесетін маңызды қоғамдық игілік. Ол бұл функцияны сапалы өнім болса ғана орындай алады – және адамдар мұны біледі. Алайда, мұндай өнімді жеткізу оңай міндет емес.

Осы тұрғыда туындайтын бірінші мәселе – журналистиканың сапасын айқын білдіретін анықтама жоқ, бұл “сапа” стандарты цензура құралы болу қаупін арттырады.

Александра Борчардт ,
Журналистиканы зерттеу бойынша Рейтер институтында көшбасшылық бағдарламасының директоры

Адольф Гитлер кітаптарды өртеуге бұйрық берген кезде ол нацистік идеологияның “стандарттарына” сәйкес келмейді деген мәлімдемені алға тартты. Сол сияқты, бүгінде Үкімет  сыншыларға деген сенімді азайту немесе оларды журналистік өкілеттіліктен айыруды ақтау үшін сапа проблемаларын себеп етуі мүмкін.

Бұқаралық ақпарат құралдарының болашағына алаңдаған кейбір ұйымдар сенім көрсеткіштерін әзірлей отырып, осы қауіпті айналып өтуге тырысуда.  Атап айтқанда,  “Шекарасыз репортерлер” ұйымы басқаратын Журналистикаға сенім бастамасы, ресми сертификаттау процесіне енгізілетін озық тәжірибелер мен ерікті басқару қағидаттарын әзірлеуде. Кейбір ұйымдар тамақ өнімдерін таңбалауда пайдаланылатын бағдаршам индикаторларын қолдайды, ал басқалары сапаны өнеркәсіптік басқаруды насихаттайтын  ISO 9000 жүйесін қолдайды.

Бірақ бұл жүйелер нақты нені сертификаттайды?

Ең қисынды жауап медиа-ұйымдар болып көрінуі мүмкін. Бірақ тіпті алдыңғы қатарлы медианың өзі қолжетімді көздердің жоқтығынан бастап қарапайым адам қатесіне (адами фактор) дейінгі түрлі себептерге байланысты екінші деңгейлі контентті шығарады. Бұл дегеніміз аталған ұйымның барлық ақпаратына бірдей сенуге болмайды дегенді білдіреді.  

Әрине, кейбір ұйымдар қателерді азайту және орын алған қателерге жауап беру үшін белгілі бір рәсімдерді орындау тәжірибесі бар. Бірақ бұл, ең алдымен, елеулі қоғамдық сенімді пайдаланатын ұйымдар. Олар соңғы жылдары қаншалықты сенім жоғалтса да, бұл оның сапасын растайтын жаңа таңбаға нұқсан келтіре алмайды.

Александра Борчардт ,
Журналистиканы зерттеу бойынша Рейтер институтында көшбасшылық бағдарламасының директоры

Мұндай сапа белгісінен ұтатын басылымдарға келетін болсақ, олар, ең алдымен, кішірек, жас, демек сертификаттау процедурасы нәтижесінде пайда болатын қосымша бюрократиялық сатылармен күресу үшін нашар жабдықталған болып табылады. Осылайша, ұйым деңгейіндегі сапаны сертификаттау қолданыстағы қызметкерлерге көмектесе отырып, жаңа қатысушыларға зиян келтіруі мүмкін.

Ұйым деңгейіндегі сертификаттаудың баламасы ретінде контенттің жекелеген элементтеріне назар аудару бола алады. Бірақ бұл орасан еңбек пен үлкен міндетті талап етеді; ең жаманы, бұл журналисттерге берілетін марапаттар секілді, олардың осы нәрсенің артынан жүгіруіне әкеліп, жұмыс сапасына төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін.  Мысалы, неміс репортері Claas Relations айтқан әңгімелерінің жалған екені анықталғанға дейін өзінің тамаша әңгімелері үшін бірнеше марапатқа ие болды.

Қалай болғанда да, сапалы контенттің анықтамасы не деген мәселе ашық күйінде қалады. Бұл жай ғана фактілерге негізделуі тиіс пе? Ол тек саяси және іскерлік жаңалықтарға ғана қатысты болуы керк пе, немесе ол өмір салтын, көңіл көтеруді немесе адам қызығушылықтарына қатысты контентті де қамтуы қажет пе? Бұл сұрақтар сандық экожүйеде одан сайын күрделене түседі: кейбір блогтар журналистика ретінде саналуы мүмкін, бірақ бұл, әрине, олардың барлығына қатысты емес.

Журналистика ешқашан әуе индустриясына ұқсамайды, онда әрбір әрекет пен өнімге қатаң стандарттар мен рәсімдер қолданылады. Бұл нәрсе осыған дейін қажет болған жоқ еді: журналистер кәсіби және этикалық мінез-құлық кодекстерін ұстанып, бұзылған жағдайда шаралар қолданатын органдардың қадағалауында болды. Дұрыс контент жасау қалыптасқан үйреншікті жағдай болатын  – алайда “дұрыс” ұғымын әр түрлі мағынада түсінуге болады.

Міне, қоғам қалай жұмыс істейді. Адам отбасына немесе қоғамдық қатынасқа араласуы үшін “сенімді сертификаттауды” қажет етпейді (Қытай үкіметі мұны өзгерткісі келсе де). Қоғамдық келісім-шарт адамдар әдетте бағынатын белгілі бір мінез-құлық нормаларын белгілейді; сенім бұзылған кезде ғана белгілер қажет.

Бұл журналистика қайтып келуі тиіс қалыптасқан жағдай (статус-кво). Бұл, ең алдымен, жеке ұйымдар өз контентінің сапасына жауапкершілік алады және қадағалау мен редакциялау секілді ережелер жинағын ұстанатынын қамтамасыз ететіндігін білдіреді. Бұл ұйым ішінде жасау мүмкін болмаған жағдайда – мәселен, азаматтық журналист антидемократиялық ортада жұмыс істеген кезде – сыртқы органдар бұл жұмысты қолға алуы тиіс.

Мұндай жүйелерді құру кезінде есеп беру саласындағы бірлескен жобалардан сабақтар алуға болады, мысалы, Панама құжаттарын қамтитын жоба, оның шеңберінде зерттеушілер жеке еркіндікті пайдаланатын – демек, сөз бостандығы мен салауатты бәсекелестікті қамтамасыз ететін – бірақ белгілі бір стандарттарға сәйкес келуі тиіс еді. Технологиялардың дамуына қарай, әсіресе ресурстармен аз қамтамасыз етілген жаңалықтар бөлімдерінде автоматтандырылған фактілерді тексеруді  жүйесін енгізуге болады.

Түрлі шынайы әрі жалған ақпаратқа шектеусіз қол жеткізу дәуірінде барлық жастағы адамдар өзінің медиасауаттылығын арттыруы тиіс. Бірақ бұл медиа-ұйымдарға босаңсуға юолады деген сөз емес. Саналы және сыни аудиторияның көмегімен олар бұрын мұны қалай жасағанындай өздерін және бір-бірін бақылауға тиіс.

БАҚ-қа деген сенімді қалай қалпына келтіреміз?

Александра Борчардт

Журналистиканы зерттеу бойынша Рейтер институтында көшбасшылық бағдарламасының директоры

Copyright: Project Syndicate, 2019.
www.project-syndicate.org

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz