COVID-19 жоқ па? – Қуат Хамиттің Instagram парақшасындағы фейк

Қуат Хамит алдыңғы тәжірибесіне қарамастан, Instagram парақшасында жалған ақпарат таратуды жалғастырып жатыр. Бұл жолы ол сторисінде жазылушыларына пандемия туралы жалған ақпаратқа толы постты бөлісті. Онда АҚШ-тың Ауруларды бақылау орталығы (CDC) COVID-19 вирусының жоқ екенін растағаны туралы айтылған. Сөзбе-сөз былай делінген:

COVID-19 вирусы жоқ. Бізде вирус жоқ. Дүниежүзінде бірде-бір зертхана оның бар екенін дәлелдеу үшін вирусты бөліп ала алмады.

Сентенция авторы белгілі дәрігер Саид Куреши атына жазылған, ол – дүниежүзіне әйгілі маман-мыс. Оған қоса, пост FDA сайтындағы коронавирустың жоқ екенін растайтын 13 шілдедегі құжатқа сілтеме жасайды (төмендегі скриншоттарды қараңыз).

COVID-19 жоқ па? - Қуат Хамиттің Instagram парақшасындағы фейк

Үкім: Фейк

Вирус бөлініп алынып, 2020 жылдың қаңтарында-ақ түсіндірілген. Ал геномның түсіндірмесі 3 ақпанада жарияланды. Жалған ақпарат таратушылар сілтеме жасаған құжат бар болғанымен, оның түсіндірмесі қате және ол оқырмандарды адастырады. Негізі, зерттеу ПТР тестін өткізуге қажет вирустың минимал мөлшері туралы болып отыр, ал құжат шілдеде емес, 2020 жылы ақпанда, ғалымдар ПТР диагностикасын пысықтап жатқан тұста жасалған. Фейк алғашында ағылшын тілінде таралды. Бұл фейк туралы бұған дейін қысқаша жазған едік, енді оны егжей-тегжейлі талдаймыз.

Бұл қандай құжат?

CDC жариялаған құжат ПТР тестілеу мәселесіне қатысты. Құпия іздеушілер сілтеме жасап отырған бөлімде CDC мамандары жұмыс істеп жатқан проблеманы сипаттайды. Басты мәселе денеде вирустың бар екенін сенімді түрде анықтау үшін қанша генетикалық материал қажет екенінде болды.

COVID-19 жоқ па? - Қуат Хамиттің Instagram парақшасындағы фейк

CDC материалында вирус 2019-nCov деп аталатынын ескеру қажет. Бірақ бұл атау 2020 жылдың 11 ақпанына дейін қолданылған, ол кезде вирусқа «ауыр өткір респираторлық синдром коронавирусы-2» – SARS-CoV-2 халықаралық атауы берілді. Бұдан зерттеуге арналған материалдар қыста, жаңа атау әлі бекітілмеген кезде жиналды деп болжауға болады. Сол кезде АҚШ-та тестілеу үшін бөлініп алынған материалдың жеткіліксіз болғаны және CDC мамандары вирус алып жүретін синтетикалық генетикалық материалды қолдануы ғажап емес. Шынында, бұл №2 нұсқадағы құжат ДДСҰ сайтында наурыз айында жарияланған (43-бетті қараңыз) және қаңтарда жиналып, жарияланған мәліметтерге негізделген.

Құпия іздеушілер құжаттың бесінші нұсқасына сілтеме жасайды, дегенмен түзеу тарихы оның 50-бетінде жазылған. Мұнда біз алғашқы жарияланған күнді көреміз – 2020 жылдың 4 ақпаны (!).

COVID-19 жоқ па? - Қуат Хамиттің Instagram парақшасындағы фейк
CDC құжатының 50-беті

Саид Куреши (Saeed A. Qureshi) – шынымен де бар адам, бірақ оның атын іздегенімізде қорғалмаған қастандық сайтына алып келді. Онда Курешидің күмәнді материалдары жарияланып, семинарлары мен тренингілері жарнамаланады. Интернеттегі осы атпен байланысты басылымдардың басым көпшілігі – қастандық теориялары. Оған қоса, рецензияланбаған  ашық сайттарда бірнеше жарияланым мен «жыртқыш» журналдағы жарияланымды таптық. Курешидің әлемге әйгілі маман екені туралы ақпарат ғылыми еңбектерді іздегенде расталмады. Канаданың денсаулық сақтау министрлігі сайтында Саид Курешиге сілтемелер жоқ екені қызық. Бұлай дейтініміз, оның LinkedIn профилінде ол онда 2015 жылға дейін жұмыс істеген деп жазылған. Пәкістаннан шыққан тағы бір шынында айтарлықтай танымал Мұхаммед Саид Куреши деген дәрігер бар, бірақ ол – мүлдем басқа адам.

Қорытынды

  • Алдымызда вирус инфекцияларын диагностикалаудың ерекшелігін дұрыс түсінбеуге және дереккөзді де, аударманы да әдейі қате түсіндіруге негізделген, оған қоса, түпнұсқа дереккөздің және оның мәнінің дұрыс емес жарияланған күнін көрсететін фейк үлгісі тұр.
  • Жарияланым әдейі манипуляцияланған. CDC жарияланымы – 2020 жылдың қаңтарынан бастап коронавирусқа арналған ПТР тестілеуді зерттеу тарихы, сондықтан вирустың негізінен маңызды емес атауы жазылған.
  • Қуат Хамитов бөлісіп отырған пост авторы профессор Саид Куреши – ашық деректерге қарағанда, тренингілер мен семинарларда ақша табатын қастандық теоретигі, біз бұны Леонард Колдуэллдің жағдайында көрдік, бірақ Колдуэлл одан да табысты.
  • Қуат Хамитов қыркүйек айында жалған ақпарат таратқаны үшін қамауға алынғанына қарамастан, айтарлықтай маңызды аудиторияға (350 мыңнан астам жазылушы) фейк таратуды жалғастырып жатыр.

Сізге «Қастандық теориялары мен селебрити: біз фейк пен құпия іздеушілерге неге сенеміз?» деген мақаланы ұсынамыз.

Factcheck.kz