«Әйелдер жабық киініп жүрсе зорлықтан аман қалады», «Әйелдер түнде сыртта жүрмеуі керек» яки «әйелдер күйеуімен жүрсе ешкім тиіспейді» – сынды жәбірленушіні кінәлеу наративтері медиада да, ел арасында да көп айтылады. Әсіресе дінді алға тартып әйелдің жабық киінуі мен хиджабта болуын талап ететіндер, жабық киіну арқылы ғана қауіпсіздікте болатынын дәріптейтіндер де жетеді.
Зорлық-зомбылықты ешнәрсе ақтай алмайтыны әрі оған әйелдің киген киімі, жүрген жері еш әсер етпейтіні талай рет айтылса да, әліге дейін әйелдің өліміне хиджаб кимегені себеп, зорлықтан жәберленушілер дұрыс киімде болмағандар деген негізде көпшілік алдында сөз сөйлеп жүргендер де, осы ойға сеніп қолдайтындар да көп. Мәсселен, қазақстандық музыкант Ұланғасыр Ками отбасындағы проблемалар әйелдің сыртқы келбетінен басталады деп өзінің жеке әлеуметтік желісінде пікір білдірді. Оның пікірінше, күйеулері әйелдерін хиджаб кимегендіктен өлтіреді екен-міс. Оған қоса, 2022 жылы Orta подкастінде құқық қорғаушы Жаслан Айтмаганбетовтың «85% әйелдерге қарсы зорлық істерінің себебі дұрыс емес жерде, дұрыс емес киімде, дұрыс емес уақытта болғандықтан» деген мәлімдеме жасады. Айтмаганбетовтың сөзіне музыкант-репер Бахтияр Мамедов (Jah Khalib лақап атымен танымал) қосылып, «дұрыс емес киімде» деген тұсын қайта айтады. Екі жағдай да әлеуметтік желіде біраз талқыға түсті.
Factcheck.kz осыған дейін жүргізілген зерттеулерді сараптап, жәбірленушінің киген киімі мен зорлықтың арасында расымен байлыныс бар ма деген сұрақты талдап көрді.
Жәбірленуші кінәлі емес
Жоғарыда аталған тыйым сөздері мен зорлықтың себебін жәбірленушіден іздеу— жәбірленушіні кінәлеу әрекеті. Виктимблеймиң — болған жазатайым жағдайға не қандай да бір қылмысқа жәбірленушінің өзін айыптау, кінә тағу.
Зорлық және жәбірленушіні кінәлау критикалық талдауында виктимблеймиң салдарынан адамдардың жәбірленушінің сөзіне сену ықтималдығы, ал зорлық көрсетушінің жауапқа тартылу ықтималдығы төмендейтіні айтылған. Талдауда зорланғаны туралы шағымданған әйелдің зорлыққа қандайда бір провокация» жасап-жасамағанын тексеру мақсатында «Сіз не істедіңіз, не айттыңыз?» «Cіз неге түнде жүрсіз» «Cіз қанша алкоголь іштіңіз?» деген сипаттағы сұрақтар қойылуы мүмкін. Сұрақтар мән-жайды толық түсіну үшін қойылып жатқандай, алайда бұл істің фокусын қылмыскердің қылмысына емес, керсінше жәбірленушінің қандай күйде болғанына, оның өзіне жасалған қылмысқа қатысы бар-жоғына аударады.
ДДCҰ бағалауына сай, әрбір үш әйелдің біреуі өмірінде физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. БҰҰ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарының зорлықшыға жаза қолдану ықтималдығы төмен қылмыс түріне жататынын айтады. Ал Қазақстанда тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдердің 70-90%-і ұзақ уақыт полицияға шағымданбайды екен. Осылайша қоғам қысымы мен виктимблеймиң салдарынан зорлыққа ұшырағанда жәбірленуші өзін кінәлі сезінуі және жақындарына немесе полицияға шағымданбауы мүмкін. Өкініштісі біздің елде виктимблеймиңді ашық түрде депутаттар да (1, 2, 3, 4) жасап жүр.
2024 жылдың 5 ақпанында тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобысының таныстырылымы кезінде мәжіліс депутаты Анас Баққожаев «отбасындағы жанжалға тек ерлерді айыптауға болмайды, ұрысқа әйелдің тілінің ұзындығы себеп» деген мәлімдеме жасады.
Баққожаев әйелді зорлық-зомбылыққа кінәләған жалғыз депутат емес. 2023 жылы мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы отбасында жанжал болса ұрысқа провокация жасаған әйелді де жазалау керек деген ұсыныс айтқан. Депутат Марат Башимов та әйелдер кейде күйеулерінің қол көтеруіне итермелейді дейді.
Киім – зорлықтың себебі емес
Айтқанымыздай, зорлық-зомбылық жағдайларында жәбірленушіні кінәләумен қатар, оның киген киіміне назар аударып, қоғам пікірінше жәбірленуші қандайда бір «стандартты» емес киімде болса, «жәбірленушінің өзі кінәлі» деген айып тағылатын жайттар кездеседі. Алайда, киім зорлық себебі бола алмайтынын тағы қайталаймыз. Осыған дейін жүргізілген зерттеулер мен тіркелген қылмыс айғақтары да әйелдің киімі мен зорлық-зомбылық арасында байланыстың жоқ екенін көрсетеді.
Мәселен, 2010 жылы жарияланған зерттеуде әйелдердің ашық киімдері мен жыныстық зорлық-зомбылық байланысы зерттелген және «сексуалды» киім кию мен сексуалданған зорлық арасында ешқандай байланыс жоғы анықталған. Зерттеу қортындысы зорлыққа ұшырағандар мен зорлық көрмеген әйелдердің киім үлгісінда айырмашылықтар жоқ және әйелдер өздеріне жасалған зорлық үшін жауапты еместігін көрсетеді.
Осындай форматтағы көрмелер 2013 жылдан бері АҚШ және басқа да мемлекеттерде ұйымдастырылып келеді.
«Хиджаб кимегені үшін өліп жатыр…»
Хиджаб әйелді зорлықтан қорғай ала ма? Зерттеулер әйелдің жабық киінуі оның ешқандай зомбылыққа ұшырамайтына кепілдік бола алмайтынын айтады. Британдық мұсылмандар арасында жүргізілген зерттеуде хиджабтағы әйел мен хиджаб кимеген әйел зорлыққа ұшыраған жағдайда, хиджаб кимеген әйелдің виктимблэймиңге көбірек ұшырайтынын анықтаған. Яғни бұл жағдайда хиджаб яки жабық киім әйелді зорлықтан емес, зорлық көргені үшін айыптаудан сақтауы мүмкін.
Worldpopulationreview дерегінше, Оңтүстік Африка мен Бразилия әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың, соның ішінде жыныстық зорлық-зомбылық пен қасақана кісі өлтірудің өте жоғары деңгейіне байланысты әйелдер үшін ең қауіпті елдер ретінде саналады. Ресей мен Мексика әйелдерге қатысты қасақана кісі өлтірудің жоғары деңгейіне және әйелдердің қоғамдық және экономикалық мүмкіндіктеріне айтарлықтай шектеулерге байланысты бұл мемлекеттер де қауіпті.
Сондай-ақ, әйелдердің экономикадағы, денсаулық сақтаудағы және саяси мүмкіндіктерді кеңейтудегі үлкен гендерлік алшақтыққа байланысты қауіпті елдер тізіміне Иран да кіреді. Бұл тізімінде Мысыр мен Монакка да бар.
Әйелді хиджаб яки жабық киінуге мәжбүрлеу керсінше адамның таңдау еркіндігін шектеп, кей жағдайда адам өліміне әкелуі мүмкін. Осындай жағдай 2022 жылы Иранда 22 жастағы бойжеткен, Махса Аминиди, полиция орамалға қатысты қатаң ережелерді сақтамағаны үшін қамауға алғаннан кейін, бірнеше күн өткенде қайтыс болды. Кей деректер полияция тарапынан оған қысым көрсетілгенін және денесіне зақым келтірілгенін айтады. 2007 жылы да ұқсас жағдай 16 жасар қызды әкесі мен ағасы хиджаб киюден бас тартқаны үшін тұншықтырып өлтірген.
Әйелді айыптағанға жаза бар ма?
Осыған дейін бірнеше депутаттың әйелдерге қарсы (1, 2, 3, 4) әрі танымал әншілердің әйелдерді кінәләу мәлімдемелері резонас тұдырған-ды. Алайда осы мәлімдемелерді жасаған азаматтар заң алдында ешқандай жауапкершілікке тартылмады. Жақында «күйеулері әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп жатыр» деген Ұланғасыр Ками атты әнші үстінен шағым түскен, алайда ІІМ оның сөзінен ешқандай құқық бұзушылық таппай, істі тоқтатты.
Factcheck.kz редакциясы әйелді кінәлеу яки кемсіту мақсатында жасалған мәлімделер үшін Қазақстанда қандай құқықтық актілер қарастырылғанын және осындай мазмұндағы мәлімдемені айтушыларға қандай жауапкершілік қарастырылғанын сарапшылардан сұрап көрді.
Заңгер Султан Сахариев виктимблеймиңті қамтитын мәлімдемелер үшін жауапкершілік біздің заңнамада қарастыралмағанын айтты.
Виктимблеймиңді қамтитын мәлімдемелер үшін жауапкершілік біздің заңнамада жоқ. Абстрактілі талқылаулар болған жағдайда жауапкершілік мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын бұзуға қатысты тәртіптік шаралар шеңберінде ғана көзделуі мүмкін. Өкінішке қарай, оның өзі көп қолданылмайды. Әйелдерге қатысты қоғамның айыптауларымен тиімді күресу үшін заңнамаға өзгеріс енгізу емес, жауапкершілікке тарту практикасын өзгеру керек. Адам құқықтарына қайшы келетін мәлімдемелер үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту тәжірибесін дамыту қажет.
Султан Сахариев
Ал адвокат Жанна Уразбахова осындай мәлімдемелер Конституцияда қарастырылған «ешкімді шығу тегіне, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне және тағы да басқа жағдайларға байланысты кемсітуге болмайды» деген бапты бұзатынын айтады. Оған қоса, әйелді кемсітетін мәлімдемелерге жол бермеу үшін осындай мәлімдеме жасаған мемлекеттік қызметкерлерді партиядан және басқа да қоғамдық ұйымдардан шығару секілді жауапкершіліктер қарастырылуы керек дейді.
Бәрі заң алдында тең және бұл орындалмаса жауапкершілікке тартылуы керек. Қылмыстық кодекстің 145-бабында Азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiліне, ұлтына, тiліне <…> кемсіткені үшін жаза қарастырылған. Сонымен қатар, бұл баптың екінші бөлімінде шенеуніктер туралы айтылады; адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған дәл сол іс-әрекеті. Осындай адам құқықтарын таптайтын мәлімделерге жол бермеу үшін мемлекеттік қызметкердің әдеп кодексінде мұндай мәлімдемелерге жол берілмейтіндігін нақтылау қажет. Әйелді кемсітетін осындай мәлімдемелер жасаған адамды партиядан және басқа да қоғамдық ұйымдардан алып тастау қарастырулуы керек.
Жанна Уразбахова
Қорытынды
Қортындылай келе, зорлық-зомбылық пен жәбірленушінің киген киімінде, жүріс тұрысының арасында байланыс жоқ. Жәбірленушіні кінәлеу қоғамның зорлық-зомбылық мәселесін дұрыс түсінбеуінің көрінісі. Зорлық-зомбылықтың негізгі себебі жәбірленушінің сыртқы көрінісінде емес, агрессордың қатыгездігінде жатыр. Әйелдердің киімі немесе жүріс-тұрысы зорлық-зомбылықтың себебі емес екенін түсіну арқылы ғана біз жәбірленушіні кінәлаудан бас тартып, зорлық-зомбылыққа қарсы тиімді шаралар қабылдай аламыз.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.