Париж олимпиадасына қатысып жатқан, желіде сынға ұшыраған Алжир құрамасының әйел боксшысы Иман Хелиф спортшыларды қорлап-кемсітуді тоқтатуға үндеді. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.
Иман Хелифтің айтуынша, спортшыны жынысына байланысты қорлаған дұрыс емес. Ол адамдарды олимпиада қағидасы мен хартиясын сақтауға, қорлаудан аулақ болуға шақырды.
“Америка даусы” басылымының ақпараты бойынша, Хелиф пен Тайпейден келген боксшы Линь Юйтиннің Париж олимпиадасындағы жеңісі желіде қызу талқыланып, шуға айналды. Екеуі де жынысы туралы жалған ақпараттарға байланысты қорлық көргеніне қарамастан, олимпиададағы алғашқы медалін иеленді. Париж олимпиадасы кезінде оларды желіде “трансгендер” және “еркек” деп атады, бірақ Халықаралық олимпиада комитеті оларды әйел деп айтты.
ХОК Хелиф пен Юйтинге олимпиадаға қатысуға рұқсат берілді деп бірнеше рет хабарлаған. Комитет IBA-дің тестілеу стандарты бұлдыр, басшылығы транспарентті емес деп айыптаған.