Селфиге түспек болған қыздың лаваға құлап кеткені рас па?

Twitter желісінде селфиге түспек болған қыздың жанартаудың өзегіне сүрініп құлап кеткен видеосы жарияланды. Faсtcheck.kg-дегі әріптестеріміз бейнені тексеріп көрді.

Фактчекерлер видеоны алғашқылардың бірі болып Pikabu ойын-сауық ресурсы осыдан бес жыл бұрын, 2017 жылғы 4 тамызда жариялағанын анықтады.

Селфиге түспек болған қыздың лаваға құлап кеткені рас па?
Видео скриншоты

Жазба сипаттамасында әзіл ретінде: “Гавайида турист қыз қызыл, ыстық лаваға толы Килауэа жанартауының кратеріне құлады. Қазір құтқарушылар қыздың денесін, тым болмағанда одан не қалғанын іздеп жатыр. Операцияға Гавайи құтқару қызметінің сүңгуірлері мен өртке қарсы материалдардан жасалған фольгалы арнайы су киімдерімен жабдықталған жағалау күзеті қатысып жатыр. Қазір атқылап жатқан Килауэа жанартауына баратын барлық туристік бағыт Гавайи аралының қалалық комитетінің ерекше өкім шығарғанына дейін жабық.”,-деп жазылған.

Дәл сол ресурста, сол күні қыздың тайғанап, ыстық лаваға емес, теңізге құлаған түпнұсқа видеосы пайда болды (мұндағы роликтің сапасы жақсырақ екенін және оның кейінгі айларда, тіпті жылдары әлеуметтік желілерде кеңінен тарағанын айта кеткен жөн).

Селфиге түспек болған қыздың лаваға құлап кеткені рас па?
Видео скриншоты

Соған қарағанда видеодағы қыздың лаваға құлауы әзіл-қалжың үшін жасалған монтаждың нәтижесі болса керек.

Контекст

Қыркүйекте Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде Tokyo Game Show 2017 ойын индустриясының көрмесінде түсірілген «адамға ұқсайтын роботтың» видеосы кеңінен тарады. Алайда Agence France-Presse (AFP) фактчекерлері бейнеде робот емес екенін анықтады.

Factcheck.kz