Жапония көрмесіндегі андроид — робот па, адам ба?

түсірілген "адамға ұқсайтын роботтың" видеосы миллиондаған қаралым жинап жатыр. Agence France-Presse (AFP) фактчекерлері робот қызға қатысты ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде Tokyo Game Show 2017 ойын индустриясының көрмесінде түсірілген “адамға ұқсайтын роботтың” видеосы миллиондаған қаралым жинап жатыр. Agence France-Presse (AFP) фактчекерлері робот қызға қатысты ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

Малайзиядан келген Facebook қолданушысы 2022 жылғы 24 шілдеде басын қимылдатып тұрған қыздың 24 секундтық видеосын жариялайды. Посттың астында: «2017 жылғы Токио ойын-шоуындағы өте шынайы робот» деп жазылған.

Дәл осы кадрлар Жапония, Гонконг, Филлипин, Үндістан, Бангладештегі Facebook-те кеңінен тарап, 5,3 миллион қаралым жинаған. Ол жердегі сипаттамада да адамға ұқсайтын робот туралы айтылған. Осыған ұқсас пост YouTube-та да жарияланып, 937 мыңнан астам көрілім жинаған.

Алайда видеода “робот андроид бейнеленген” деген мәлімдеме жалған.

Tokyo Game Show 2017 сол жылдың 21-24 қыркүйек аралығында Токионың шетіндегі Тиба қаласында өткен. Алайда AFP фактчекерлері сурет пен кілт сөз іздеу жүйесі арқылы жапон моделі Саори Такаяманың 2019 жылғы 30 наурызда Twitter-іне дәл сол видеода көрсетілген костюмдегі суретін жариялағанын байқаған.

Такаяманың Instagram-дағы өмірбаянына сәйкес, ол штаттан тыс андроид-актер болып жұмыс істейтін суретші. Оның Youtube арнасының бас суретінде де дәл осы фотосы тұр.

2017 жылғы 23 қыркүйекте Такаяма Instagram желісіне көрмеден фотосурет жариялаған және оны Makuhari Messe Токио ойын шоуы (TGS) өтетін орын деп белгілеген. Оған қоса жазбасында: “Бүгін тағы да TGS” делінген.

Дәл осы костюмді жапондық Nippon News фото агенттігінің веб-сайтынан да көруге болады. Сурет сипаттамасында: “Витринадағы модельдер 2017 жылғы 21 қыркүйекте Токионың шетіндегі Тиба қаласында өтіп жатқан Tokyo Game Show 2017 көрмесінде Detroit: Become Human видео ойынын жарнамалау үшін ойын кейіпкерлерінің кейпінде” деп жазылған.

“Терезелердегі” модельдерді «Detroit: Become Human PlayStation Booth — Tokyo Game Show 2017» тақырыбымен 2017 жылы Youtube ойын каналына жүктелен мына видеодан да көруге болады.

Ал Sony Interactive Entertainment (SIE) Imagine Games Network веб-сайтына өзінің Playstation-ге арналған Detroit: Become Human ойынын 2017 жылғы Токиодағы ойын шоуда таныстырғанын хабарлаған.

SIE өкілі AFP агенттігіне іс-шара кезінде «андроидты» сомдау үшін бірнеше адам жалданғанын да растады.

Factcheck.kz