Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға жетті ме?

25 сәуірде сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин журналистерге Қазақстанның неліктен Ауғанстанмен әріптестікті жалғастырып келе жатқанын түсіндірді. Ол екі ел арасындағы тауар айналымы 1 млрд АҚШ долларына жетті деді. Бұл Қазақстанның Әзербайжан және Түркіменстан арасындағы тауар айналымынан да көп.

Біз Ауғанстанмен әріптестік орнатқанбыз, сауда жасаймыз. Сауда жақсы жүріп жатыр — 1 млрд доллар. Мысалы, бұл [Қазақстанның-ред.] Әзербайжан және Түркіменстанмен қазіргі сауда айналымынан да көп. Сондықтан, саясат саясатпен, ал экономика — ол экономика. Бұл сауда әріптестікті арттыра береміз. Бидай, ұн, күнбағыс май жеткізуді арттыруға көп мүмкіндік бар.

Серік Жұманғарин

Factcheck.kz редакциясы министр айтқан көрсеткішті тексеріп көрді.

Үкім: Шындыққа жақын

Ұлттық статистика бюросы дерегінше, 2022 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 1 млрд долларға жеткен. Бұл расымен Қазақстанның Әзербайжан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымынан көп.

Бір қызығы, бұл Қазақстанның Беларусьпен, Армениямен, Грузиямен, Украинамен, Израильмен және басқа да біршама елмен тауар айналымынан да асып түседі.

Толығырақ

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылы $987,9 млн болған. Бұл 2021 жылғы ($474,3 млн) көрсеткіштен 2,1 есе көп. Мұның көп бөлігі Қазақстанның Ауғанстанға экспортын қамтиды. Ол 2,1 есе өсіп, $978,9 млн болған. Қазақстанға Ауғанстаннан келген импорт 2 есе өсіп, $9,1 млн жеткен, ал 2021 жылы бұл көрсеткіш $4,5 млн болған.

2020 жылы Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы көп болған, бірақ келесі жылы Қазақстанның Ауғанстан және Әзербайжан арасындағы тауар айналымына қарағанда кеміп қалған.

2022 жылы Қазақстан Ауғанстанға 114,2 мың долларға бидай, 2,9 млн долларға қарабидай, 1,7 млн долларға арпа, 288,4  мың долларға сұлы, 37,4 мың долларға жүгері, 127,8 мың долларға тары, 554,2 млн долларға бидай ұнының төрт түрін, 13,4 млн долларға күнбағыс майының үш түрін сатқан.

Контекст

15 сәуірде Серік Жұманғарин гуманитарлық және тауар миссиясымен Кабулға барып, Ауғанстанның жаңа билік өкілдерімен кездесті.

17 сәуірде Қазақстан Ауғанстан билігі жіберген дипломаттарды қабылдауға келіскені белгілі болды. Бірақ СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров бұл Ауғанстан үкіметін мойындау емес екенін атап өтті.

журналист, фактчекер, выпускница Online Factcheck Academy 2020

Factcheck.kz