Фактчек | Бай мемлекеттер рейтингінде Қазақстан Германиядан озды

Биыл қазанның 11-інде Russia Today сайты Die Welt неміс сайтына сілтеме жасап, Дүниежүзілік валюта қоры 31 елдің қаржы жағдайына сараптама жасап, Норвегия, Ресей мен Қазақстанның ахуалы “ең үздік” деп танылғанын жариялады. Басылымның жазуынша, “үш елдің де мемлекеттік қарызы жоқ, есесіне мұнай мен газдың алапат қоры бар”. Бұл жаңалықты кейін қазақстандық БАҚ көшіріп басты. Zakon.kz сайтынан скриншот.

Самые богатые страны мира

Қазақстан басылымдары жазған екі мәлімдемені тексерейік: бірі – Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Қазақстан байлығы жайлы тұжырымы, екіншісі – мемлекеттік қарыз жайлы тезис.

Алғашқы мәлімдеме: ХВҚ бағалауынша, қоғамдық байлық бойынша Қазақстан Германиядан алда.

Үкім: Шындық

Расымен де, ХВҚ-ның 2018 жылғы қазанда жарияланған “Қоғамдық байлықты басқару” зерттеуінде Қазақстан Норвегиямен қатар келіп қалған. Алайда бұл – зерттеу, рейтинг емес. Сондықтан бұл деректі рейтинг ретінде беру манипуляцияға келіңкірейді.

Зерттеу авторлары қысқаша шолуда “біз 31 елге қатысты деректерді жинап, мемлекет байлығын сараптаймыз…активтерінің жалпы құны 101 трлн доллар немесе жалпы ішкі өнімдерінің 219 пайызы” деп жазады.

Қысқаша айтқанда, зерттеушілер мемлекет активтерін қарызымен салыстырған. Мұндай салыстыру, расымен, Норвегия, Ресей, Қазақстанның тізімдегі ең бай ел екенін көрсеткен. Және бір қызығы – Германия, АҚШ, Бразилия мен Жапонияның “жағдайы” Кения, Гватемала, Танзания мен Албаниядан да “нашар” болып шыққан. Ал Канада Колумбия мен Тунистен “кедей”. Ең кедей елдер қатарына Португалия, Ұлыбритания мен Гамбия кірген.

Ескерту: Мемлекеттердің байлығын салыстыру кезінде түрлі жылдардағы деректер алына берген (инфографиканы қараңыз).

Мемлекеттің меншігі қандай және қарызы қанша

Мемлекеттік сектордың балансы (2016 жылғы ЖІӨ-сіне шаққанда)

Казахстан богаче Германии?

Мұндай инфографика “Қоғамдық байлықты басқару” зерттеуі мен қысқаша шолуда көрсетілген. Суреттегі анықтамалар: 1 (қара көк түс) — қаржылық емес активтер, 2 — қаржылық активы, 3 — зейнетақы төлемдерін есептемегенде мемлекет берешегі, 4 — зейнетақы төлемдері, 5 — жалпы мемлекеттік қарыз, 6 — таза капитал («қоғамдық байлық»).

Инфографикаға түсінік ретінде зерттеу авторлары былай жазады:

Бұл активтер қатарына мемлекеттік инфрақұрылым да – жол, көпірлер, кәріз жүйесін, мемлекеттік басқармалардың шотында бар ақшаны, олардың қаржылық инвестициясы мен жеке және заңды тұлғалардан алынатын төлемдері есепке алынған. Табиғат ресурстар қоры, мемлекеттік өнеркәсіптердің, мәселен мемлекеттік банктердің, коммуналды мекемелердің, электрмен, сумен қамтамасыз ету компанияларының қаржысы есепке алынған. 

Қарыздан қарағанда мемлекет міндеттемелері әлдеқайда көп екенін байқадық. Олар ЖІӨ-нің 198 пайызына тең. Жартысы мемлекеттік басқару секторының қарызы. Міндеттемелердің қалған елеулі бөлігі –  мемлекеттік қызметкерлер алдындағы зейнетақы берешегі. Алайда көп ел мұны есепке алмайды. Борыштың өзге жартысы – мемлекеттік компаниялар қарызы. Мемлекеттік басқару секторының қарызын есептегенде әдетте бұлар мемлекеттің емес, жеке компанияның қарызы саналады. 

Екінші мәлімдеме: Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік қарызы жоқ

Үкім: Жалған

Жалпы ішкі өнімге шаққандағы мемлекеттік қарыз көрсетілген инфографикаға қарап, Қазақстан мен Ресейдің берешегі шынымен аз екенін байқауға болады. Бірақ бұл – мүлдем жоқ деген сөз емес.

Қаржы министрлігінің сайтындағы қазанның 21-інде жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік қарызы — 14 407 627 млн теңге (Қазақстан үкіметінің сыртқы және ішкі қарызы, Ұлттық банк қарызы, жергілікті атқарушы биліктің қарызы).

Ресей қаржы министрінің сайтында да осыған ұқсас статистика бар. 2018 жылдың 1 қазандағы ақпарат бойынша, Ресейдің ішкі қарызы – 9 043 278, 7 млн руб болған, сыртқы қарызы – 47 133,9 млн USD, Ресей субъектілері мен муниципалды мекемелер қарызы 2 117, 4 млрд рубль болған.

Мына жерден мемлекеттік қарыз бойынша мемлекеттердің 1980-2016 жылдардағы рейтингін көруге болады. 2017 жылғы дерек мұнда.

Зерттеу мен оның әдістері жайлы сарапшылар пікірі

Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Айдархан Құсайыновтың пікірі

«Маңызды және қызық зерттеу. Оның жариялануына қазіргі жағдай әсер еткен сияқты. Әлем “құлдырап жатқанда” — әлем көпполярлықтан полярлық емес сипатқа өтіп жатқанда, әлемдік институттар қайта қаралып жатқанда, мынадай сұрақ туындайды: „мемлекеттер қарыздарының өтеуі ретінде акция, ақша емес, шынайы активтерді, яғни зауыт, мұнай, газ, алтын, күміс, уранды бере бастаса не болады?“. Акциялар мен ақшалар (теңге, доллар мен юань) сенім мен психологияға байланысты. Шынайы активтер ештеңеге байланбайды. Сондықтан зерттеу шындықты көрсетіп тұр және Батыс саясаткерлеріне — „қане, күшімізді салыстырып, кімнің мықты екенін көрейікші” деген сигнал беріп тұр.

Қысқаша айтсам, Халықаралық валюта қорының есебіне таңқалмадым. Қазақстан мен Ресей – шынында да бай мемлекеттер. Табиғатқа келгенде жолымыз болды.

Алайда қазба байлықтар әр мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты өндіріліп, түрлі жолмен таратылады. Мұны Халықаралық валюта қоры ескермепті, алайда ескермеуіне де болады.

Бұл зерттеудің рейтингіге кірген ел азаматтарына еш қатысы жоқ. ХВҚ-ның өзі де мұны айтып өткен. Рейтингіде қазба байлықтары қалай бөлінетіні айтылмайды. Алтын, уран мен мұнай өндірісін тоқтатып, астымызға басып жатуға болады, бірақ олай етсек, өміріміз басқаша болар еді. Керісінше, байлық шығар жердің бәрін ашып тастауға да болады. Алайда бұл – өміріміз өгеріп шыға келеді деген сөз емес”.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz