Эстонияда ит етінен шұжық жасағалы жатыр ма?

2022 жылғы желтоқсанның аяғында желіде эстониялық ет өндірушілердің бірі 2023 жылдан бастап иттердің ерекше тұқымынан шұжық өндіруді жоспарлап жатқаны туралы хабарламалар (1234567) тарады. Материалдарда компания өкілінің эстониялық Delfi басылымына пікір білдіргені айтылады. БАҚ оны қателесіп Lemmikloom деп көрсеткен (шын мәнінде бұл үй жануарлары туралы жазатын Delfi бөлімі – ред.). 

Factcheck.kz редакциясы осы тұжырымның рас-өтірігін тексерді. 

Ет өнімдерін шығаратын эстониялық MUKI өндірушісі жарнама ролигін жариялап, онда жергілікті тұрғындарға 2023 жылдан бастап ит етінен шұжық шығара бастайтынын хабарлаған. Фирма өкілі Риика Ниеминен компанияның келер жылдан бастап етін шұжық өндірісінде пайдалану үшін ерекше тұқымды иттерді өсіргелі жатқанын мәлімдеді. 

Баспасөз құралдарындағы хабарлама

Үкім: Сатира

Бұл – жануарларды қорғауға арналған сатиралық акция. Оның мақсаты – адамдар сиыр, қой, шошқа және т.б. жануарлардың етін жей тұра иттерді жеуді әбестік санайтын «қос стандарттарға» назар аударту. 

Жазылушылар санына қарағанда, акция ел ішінде көп назарға іліне қоймаған сияқты. Бірақ жалған ақпараттың кең тарауына және пропагандалық жарияланымдарға себеп болған. 

Толығырақ

Желіде MUKI деген «эстониялық ет өндіруші» туралы қандай да бір ақпарат жоқ, ал әлеуметтік желілердегі парақшалар (FacebookInstagram) шамамен бір ай бұрын, 2022 жылғы 27 ақпанда ашылған. Байланыс нөмірлері мен мекенжайы жоқ, ал тапсырыс жасауға бола ма деген сұраққа парақша иелері бәрі сатылып кеткенін және күту керек екенін айтып жауап береді. 

Акцияның Facebook парақшасында бұл бастаманы қолдайтындай көрінетін жасанды немесе фейк қолданушылар мен ұйымдарды байқауға болады. Мысалы, ит етінен шұжық жасауды қолдаған кейінгі жазбалардың бірінің астында БҰҰ Таллин қауымдастығы деген жалған ұйым пікір білдірген. 

Эстонияда ит етінен шұжық жасағалы жатыр ма?
Комментарий скриншоты

Бір айдан астам уақытта акция Эстониядағы желіде назарға іліне қоймаған. Материал дайындау барысында MUKI компаниясының Facebook парақшасына 160 адам, Instagram парақшасына 53 адам жазылған. Десе де, ит етінен шұжық өндіруі мүмкін өндірушілер туралы материалдар бірнеше эстониялық баспасөз құралында пайда болып, сол жақтан орыс тілді кеңістікке өтіп, ресейлік медиада рерайттары кең тарап кеткен. 

Эстония заңы бойынша ит ауыл шаруашылығындағы союға болатын жануарға жатпайды. Заңға сәйкес, жануарларға қатігездік көрсеткендер әкімшілік жазаға тартылады немесе бір жылға бас бостандығынан айырылады.

Контекст

Эстониядағы акцияның сәтті жүзеге асқан аналогы ретінде америкалық жазушы және веган-белсенді Молли Элвудтың «Elwood’s Organic Dog Meat» (қаз. –Элвудтың органикалық ит еті) сатиралық жобасын атап өтуге болады. 2021 жылдың ортасында пайда болған жоба әлі де жұмыс істеп тұр.

Factcheck.kz