Джо Байден көпшілік алдында әйелінің саусағын сорды ма?

14 маусым таңертең Twitter-дегі Dom Lucre Breaker of Narratives деген парақша АҚШ президенті Джо Байденнің көпшілік алдында сөз сөйлегенде әйелінің саусағын сорған суретін жариялады.

“Джо Байденнің бұл суреті фотошоп я жасанды интеллект емес екенін естен шығармаңыздар”, – делінген сипаттамасында.

Джо Байден көпшілік алдында әйелінің саусағын сорды ма?
Twitter-дегі Dom Lucre Breaker of Narratives деген парақшаның скрині

Бұл ақпарат бірқатар жерде тарады (мұнда, мұнда, мұнда, мұнда).

“Атаның жағдайы нашар, көпшілік алдында саусақ сора бастады”, – деп жазды “Сплетница” деген Telegram парақшасы.

Джо Байден көпшілік алдында әйелінің саусағын сорды ма?
“Сплетница” деген Telegram парақшасының скрині

Factcheck.kz редакциясы Байденға қатысты ақпаратты тексеріп көрді.

Үкім: Манипуляция

Джо Байден бұл әрекетімен жай ғана әзілдемек болған. Жиналғандар да мұның әзіл екенін түсінген.

Бұл сурет 2019 жылдың соңында президент сайлауы науқанында түсірілді.

Толығырақ…

Біз Яндекс және Google жүйесі арқылы 2019 жылғы 1 желтоқсанда Daily Mail басылымы жариялаған суретті таптық. Онда фотоның авторы Ralph R. Ortega екені жазылған.

Джо Байден көпшілік алдында әйелінің саусағын сорды ма?
Яндекс жүйесінен табылған сурет скрині

Суреттің сипаттамасында былай делінген: “Көпшілік камераға түсіріп үлгергенге дейін Джо Байден өзіне қол бұлғаған әйелі Джиллдің саусағын ойнап тістеп алды. Президенттікке үміткер [Байден] сенбіде, Айовадағы “Бос сөзссіз” деген сегіз күндік автобус туры басталғанға дейін жұртшылық алдына осылай шықты”. Күнтізбе бойынша, Байденнің суреті 2019 жылғы 30 қарашада түсірілген.

Сонымен қатар 2019 жылғы 1 желтоқсанда Fox News телеарнасы видео жариялаған. Жиналғандар алдында АҚШ президенті болуға үміткер Джо Байденге дейін оның әйелі сөз сөйлеген және сол уақытта қолын көп қимылдатқан.

Джо Байден көпшілік алдында әйелінің саусағын сорды ма?
Fox News телеарнасындағы видеоның скрині

Видеоның 2-минут 33-секундында Джо Байденнің әйелінің саусағын тістеген сәті түскен. Бейнеден болашақ АҚШ президентінің бұл әрекетінің жай әзіл болғанын түсінуге болады. Джилл Байден сөз сөйлегенде қолын қатты бұлғағаны сонша, күйеуінің бетін ұрып жібере жаздайды. Сол уақытта Байден жымиып, әйелінің саусағын сәл ғана тістейді. Мұны көрген Джилл де, аудитория да күліп жібереді.

Осылайша, Байден көпшілік алдында әйелінің саусағын сорып тұрмаған болып шықты. Ал президенттің деменцияға ұшырағанын растайтын нақты дәлел жоқ.

Factcheck.kz