22 мамыр күні “Еуразия” телеарнасындағы басты жаңалықтарда эфирге “түбіртек пайда ма, қауіп пе?” деген атаумен материал жарық көрді. Келесі күні Qamshy.kz сайтында “Сақ болыңыздар! Сауда орындарындағы түбіртек қауіпті ауру туғызады(видео)” деген тақырыппен мақала жарияланды. Материалдарда сауда орындарындағы түбіртектердің (чектердің) адам ағзасына зиян екенді, соның ішінде обыр мен қант диабеті ауруларының өршуіне әкеп соқтыратындығы туралы жазылған.
Үкім: Үкім жоқ
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде, кассалық аппараттардан шығатын түбіртектің адам денсаулығына тигізер зины туралы ешқандай зерттеу жүргізбегендігін жеткізді. Оның ішінде қант диабеті мен обыр ауруына әкеп соғатыны туралы дәлелдер жоқ.
Factckeck.kz сайты ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне осыған орай арнайы хат жолдаған болатын. Хатта, аппараттан басып шығарылатын түбіртектің адам денсаулығына зияны туралы және ҚР Денсаулық министрлігінің осыған байланысты қандай да бір зерттеу жасап/жасамағандығы туралы сұрадық. Ресми жауап төмендегідей:
түбіртек жауапРесми мәлімдемеге қарайтын болсақ, қазіргі заманауи бақылау-кассалық әрі факс аппараттарында, банкоматтарда, төлем терминалында, медициналық жабдықтарда және басқа да кейбір басып шығаруға пайдаланылатын түбіртектердің құрамында Бисфенол-А (4,4′-дигидрокси-2,2-дифенилпропан, ДФП) кездеседі. Бисфенол-А химиялық зат, ағзаға әсер ету дәрежесіне қарай 3-қауіп класының заттарына (орташа қауіпті заттар) жатады. Қазіргі таңда Бисфенол-А көбіне пластмассалық бұйымдарды жасауда қолданылады, біздің қолданып жүрген заттарымыздың көбі пластмассадан тұрғандықтан, бірден бас тарту мүмкін емес. Сондықтан Еуроодақ елдері Бисфенол-А-ның тәуліктік рұқсат етілген мөлшері дене массасының әр килограмында 0,05 мг-дан аспауы тиіс деп есептейді. Тіпті, Бисфенол-А-ны әр адамның зәрінен табуға болады.
Түбіртек қауіпті ме?
ҚР Денсаулық министрлігі түбіртекке және оның тигізер әсеріне байланысты қандай да бір зерттеу жүргізбегендігін жеткізді. Сондықтан да біз шетелдік зерттеулерді шолып көрдік.
Бисфенол-А-ға арналған арнайы “bisphenol-a.org” сайты бар екен. Ол жерде тек қана осыған байланысты зерттеулер мен жасалған тәжірбиелер жазылған. “түбіртек”, “жылу қағазы” (thermal paper) деп іздегенімізде, бізге бірнеше зерттеу тауып берді. Оның ішінде түбіртекті басып шығаратын кассалық аппаратқа қатысты екі зерттеуді таптық. АҚШ-тың Ұлттық токсикология бағдарламасында, осы түбіртекпен жұмыс жасайтын касса қызметкерлеріне белгілі бір уақыт аралығында зерттеу жүргізілгендігі туралы жазылған. Екінші бір зерттеуде, Финляндияның еңбек гигиенасы институты еріктілерге кассир қызметкері ретінде жұмыс жасатқызып, эксперимент жүргізген.
Екі зерттеудің нәтижесінде де түбіртектің әрі оны басып шығаратын кассалық аппараттың адамға, тіпті касса қызметкеріне тигізер әсері айтарлықтай деңгейде емес екендігі дәлелденген.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.