Ақ-қызыл түстегі ерекше құстың фотосы шынайы ма?

Әлеуметтік желіде ақ-қызыл түстегі ерекше құстың фотосы тарады. Snopes фактчекелері табиғатта мұндай құстың бар-жоғын тексеріп көрді.

Мысалы, ерекше құстың фотосы Facebook-қа жарияланды. Адамдар оны 33 мың рет бөліскен, 4 мыңнан астам пікір жазған.

Ақ-қызыл түстегі ерекше құстың фотосы шынайы ма?

“Оның атауы қандай екенін білмеймін, бірақ ол түрмеден қашып кеткен сияқты”, – деп жазды сурет туралы X желісінің бір қолданушысы. Дегенмен кей адам бұл фотоға күмәнмен қарады. Мысалы, бір Facebook қолданушысы: “Мәссаған, мүмкін емес, мұндай тұмсығы ашылмай, аяғы әлсіз құсты цифрлық бағдарлама ойлап тапты дерсің”, – деп жазды.

Алайда фактчекерлер фото жасанды интеллект арқылы өңделген деген қорытындыға келді. Мысалы, құстың тұяқтары құдды бір бұтаққа жабысып қалғандай қызық өскен. Тұмсығы да шынайыға ұқсамайды, мүлдем ашылмайды.

Оған қоса фактчекерлер AI or Not арқылы фотоның жасанды интеллект арқылы жасалғанын анықтады. Ал Hive және Illuminarty құралы суретте нейрожелі мүмкіндіктері қолданылған деп шешті.

Ақ-қызыл түстегі ерекше құстың фотосы шынайы ма?

Осылайша, фактчекерлер ерекше құстың фотосы фейк деген қорытындыға келді.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz