Кавасаки синдромына ересектер де шалдығып жатыр ма?

4 қазанда Stan.kz сайты Кавасаки синдромының ересектер үшін де қауіп төндіретіні туралы ақпарат таратты. Мақалада CDC-ге сілтеме жасай отырып, бұл синдромның арты өлімге алып келуі мүмкін екені айтылады. Біз ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріп көрдік.

Үкім: Манипуляция

Бұл материалдан бірнеше манипуляция байқауға болады. Біріншіден, “РИА новостиге” қойылған гиперсілтеме дұрыс емес. Екіншіден, CDC мұндай сараптау еңбегін жазғаны рас болса да, ол жерде бұл мәселеге жан-жақты баға беруге тырысқан. Ал Stan.kz материалдың біраз бөлігін ғана алып, негізгі ескертулерді елемеген, тиісінше CDC мақаласын бұрмалау байқалады. Толығырақ төменнен оқыңыз.

АҚШ-тағы “Аурудың алдын алу және бақылау” (СDC) орталығы қазанның екісі күні “SARS-CoV-2 инфекциясымен байланысты ересектер арасындағы көпжүйелі қабыну синдромы” атты материал жариялады. Бұл синдром негізінен балалар арасында жиі таралады (MIS-C), бірақ биылғы жылдың маусым айынан бастап дерттің ересектер арасында да (MIS-A) байқала бастағаны туралы есеп берулер арагідік бой көрсетіп тұрды. Осыған байланысты, CDC бұған дейін жарияланған есептерді жинастыра келіп, барлығы 355 жарияланым тапқан. Бар ақпарат тек сол материалдардан алынған.

CDC не деген?

Нәтижелер қазіргі немесе алдыңғы SARS-CoV-2 инфекциясын жұқтырған барлық жастағы ересек пациенттерде MIS-C-ге ұқсас гиперинфламматикалық синдром дамуы мүмкін екенін көрсетеді. Гиперинфламмация және өкпеден тыс дисфункция ауыр COVID-19 кесірінен ауруханаға жатқызылған ересектерде сипатталғанымен, бұл жағдайлар әдетте тыныс алу жеткіліксіздігімен байланысты боп келеді. Ал мұнда сипатталған пациенттерде жұмыс жағдайының анықтамасына сәйкес, минималды респираторлық симптомдар, гипоксемия немесе рентгенографиялық ауытқулар болды, бұл MIS-A-ны ауыр COVID-19-дан ажыратуға мүмкіндік берер еді; 16 пациенттің сегізінде ғана МIS-А басталғанға дейін респираторлық белгілер құжат жүзінде болған.

Есептерде айтылған науқастардың көбі аман қалған (27-нің 24-і). Бұл оларға тиісті жағдай жасалғандығымен түсіндіріледі.

Ол жерде сипатталған MIS-A пациенттерінің біреуінен басқасы нәсілдік немесе этникалық азшылық топтарының өкілдері. Әлеуметтік және денсаулық сақтау саласындағы ұзақ мерзімді теңсіздік инфекция қаупінің жоғарылауына және түрлі-түсті қауымдастықтарда COVID-19-дың ауыр зардаптарына әкелді. MIS-C да бұл қоғамдастықтарда пропорционал тіркелмеген.

Шолуда сипатталған пациенттер әр аймақта кездейсоқ анықталып қалғандықтан, түрлі топтардағы MIS-A-ның нақты ауыртпалығы немесе детерминанттары туралы қорытынды жасауға болмайды; әрі қарай зерттеу қажет.

CDC

Есептің кемшілігі

CDC бұл есеп ең маңызды үш шектеуге ұшырағанын жазыды:

  • Мұнда сипатталған жағдайлар ерікті түрде жарияланған, сондықтан бұл пайда болатын синдромның нағыз клиникалық спектрін немесе нәсілдік / этникалық таралуын білдірмейді. Қосымша жағдайлар хабарланбаған немесе жарияланбаған болуы мүмкін; басқалары COVID тәрізді симптомдардың болмауына, антидене анализдерінің жоқтығына немесе тесттің теріс нәтижелеріне байланысты танылмауы да ғажап емес;
  • жұмыс жағдайының анықтамасы MIS-A-ны ауыр COVID-19-дан ажырату үшін тыныс алу функциясы бұзылған пациенттерді қарастырмайды; алайда, кейбір жағдайларда бұл екі шарт бір-бірімен сәйкес келуі мүмкін;
  • бұл синдромның жұмыс анықтамасы қарапайым болып, кейбір басқа аурулары бар науқастарды MIS-A диагнозымен қате санатқа жатқызылған болуы мүмкін.

Айта кететін жайт, Кавасаки синдромы ересектер арасында бұрыннан-ақ кездеседі. Мысалы, “Биотехнологиялық ақпараттың ұлттық орталығында” 2004 жылы осыған қатысты материал жарияланған. Тек, ол кезде бұл көбіне симптомсыз өтетін.

Фактчекер-журналист. Organised Crime and Corruption Reporting Project ұйымында тағылымдамадан өтті, Factcheck.kz сайтының авторы әрі шығарушы редакторы.

Factcheck.kz