Депутат Нұрымова мүгедектігі бар балалар туралы не деді?

Желтоқсанның алғашқы аптасында өткен мәжілістің пленарлы отырысында депутат Гүлдара Нұрымова еліміздегі мүгедектігі бар балалардың жәй-күйі туралы бірер сөз қозғап, деректер келтірді. Депутаттың айтуынша, кейінгі 10 жылдықта мүгедектігі бар балалар саны екі есе өскен. Осы орайда Factcheck.kz депутаттың мәлімдемелерін тексеріп көрген еді.

Тайм-код: 1:56:35

Кейінгі 10 жылда мүгедектігі бар балалар саны екі есе өсті.

Гүлдара Нұрымова, депутат

Үкім: Шындыққа жақын

Bala.stat.gov.kz сайтының мәліметінше, кейінгі 10 жылда (2011-2021) мүгедектігі бар балалар (0-17 жас) саны расымен де өскен, дегенмен депутат айтқандай екі есе емес 1,5 есе ғана. 2011 жылы 62 196 болса, 2021 жылы 98 254 балаға жеткен.

Тек 2021 жылдың өзінде 13 мыңнан астам балада алғаш рет мүгедектігі анықталды.

Гүлдара Нұрымова, депутат

Үкім: Шындық

Bala.stat.gov.kz сайтының дерегінше, 2021 жылдың өзінде 13 131 баладан алғаш рет мүгедектігі анықталған. Бұл кейінгі 10 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Контекст

  • Қазіргі таңда елімізде 707 980 мүгедектігі бар адам тіркелген;
  • БҰҰ дерегінше әлемде 650 млн немесе 10%-ке жуық мүгедектігі бар адам өмір сүруде;
  • Еліміз 2015 жылдың ақпанында мүгедектігі бар адамдардың құқығы туралы БҰҰ конвенциясын ратификациялаған;

Factcheck.kz редакциясы жалпы мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық ортада қаншалықты өздерін еркін сезіне алатыны әрі қоғамдық көлектер мен орталықтар қаншалықты ыңғайлы екені туралы бірнеше материал жазды. Толығырақ төменнен оқи аласыздар.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz