Чилиде мутанттар мен ГТА-адамдардың еңбек құқықтары сақталады деген рас па?

Ақпан айының соңында redko-da-metko.ru вакцинацияға қарсы-қастандық ресурсы қызық материал жариялады, онда «нейрорайттарды (адам құқықтары және барлық адамның нейротехнологияны ықтимал теріс пайдалануға қарсы құқығы) қорғайтын заңға қосымша, қазір Чилиде мутанттар мен генетикалық түрлендірілген адамдарды кемсітуден қорғау үшін жұмыспен қамту туралы заң бар. Чили ұлттық конгресі «Мутация тасымалдаушыларға немесе генетикалық материалдағы өзгерістерге немесе генетикалық тестілеуге қатысты еңбек кемсітуіне тыйым салу» туралы заң жобасын мақұлдады».

Осыған ұқсас ағылшын тіліндегі The Expose қастандық сайтының мақаласын қайта басып шығарған материал вакцинацияға қарсы риторикамен және таңқаларлық аралас нарративпен толықтырылған, біз олардың кейбірін тексеріп қойдық. Негізгі қастандық сюжеті (орындықты мықтап ұстаңыз!), қысқаша айтқанда, мынадай: «Чилиде ген мутациясы бар адамдарға еңбек дискриминациясына тыйым салатын заң текке қабылданған жоқ (авторлардың түсіндіруінде – «мутанттар мен генетикалық түрлендірілген адамдар»), өйткені адамдар Pfizer вакцинасының мРНҚ-сына байланысты мутант болып бара жатыр (онда бір ДНҚ кристалдары бар, олар «өмір формаларын» құруға сигнал жібереді) – мұндай генетикалық түрлендірілген адамдар технология иесіне тиесілі болады және олардың қарапайым адамдармен бірдей құқығы болмайды. Сонымен қатар, 2021 жылы Чилиде нейрон құқығы туралы заң бекер қабылданылмады: олар іс жүзінде адамдардың құқығын қорғағысы келмейді, нейротехнология нарығын құрғысы келеді!»

Чилиде мутанттар мен ГТА-адамдардың еңбек құқықтары сақталады деген рас па?

Материалдағы негізгі мәлімдемелерді талдау арқылы аздап айқындық пен медиа гигиенаны жасауға тырысамыз.

Мәлімдеме: Чилиде мутанттар мен генетикалық түрлендірілген адамдардың құқықтары сақталады (тақырып).

redko-da-metko.ru, The Expose

Үкім: Жалған

Біріншіден, Чилиде Ұлттық конгресс мақұлдаған және биыл 3 ақпанда президент Себастьян Пинера қол қойған заң жобасы былай аталады: Гендік мутацияға немесе генетикалық материалдың өзгеруіне және генетикалық сынақтарға байланысты еңбек дискриминациясына тыйым салу. Осылайша, мәтінде заңның аздап дұрыс атауы бар екеніне қарамастан (мақаладағы аударманың қиындығына назар аудармасақ) тақырып оқырмандарға норманың мәні туралы мүлдем жалған түсінік береді, сонымен қатар ол кликбейт болып отыр.

Екіншіден, материал авторлары таңқалуы мүмкін, бірақ адам популяциясында көптеген гендік ауру (жалпы жиілік, кейбір бағалау бойынша, 2-4%), сондай-ақ, тұқым қуалайтын аурулар (олардың кейбіреуі гендік мутацияға байланысты) ылғи да болған. Чилиде қабылданған заң осындай аурулары бар адамдардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған. Ликбезбен айналыспайық, бірақ гендік мутацияға байланысты аурулар туралы жалпы түсінік беретін тақырып бойынша пайдалы материалдарға сілтемелер ұсынамыз.

Үшіншіден, ГТА жайлы айтқанда біз көбінесе белгілі бір қасиеттерді алу үшін құрылған ауылшаруашылық өнімдерін, мысалы, құрғақшылыққа, зиянкестерге, ауруларға және т.б. қарсы тұру туралы баяндаймыз. Адамдарға қатысты гендік терапия ұғымы қолданылады, оның мақсаты фильмдердегідей адам мутанттарын жасау емес, гендік мутациялардан туындаған гендік немесе тұқым қуалайтын аурулары бар адамдарды емдеу.

Гендік терапия және ГТ агрокультураларын жасау әдістерінің бірі геномдық редакциялауға қатысты. Сонымен бірге, мысалы, Аризона тұрғыны Брайан Мадо деген кісі Хантер синдромымен ауырып, оның геномын редакциялау сынағының қатысушысы болды (процедура Мадоны одан әрі ферментті алмастыру терапиясынан өту қажеттігінен құтқаруға арналған), генетикалық түрлендірілген адам немесе мутант болды деу надандықтың шыңы болар еді. Айтпақшы, процедура, атап айтқанда, Zinc finger nuclease немесе «мырыш саусақтар» деп аталатын геномдық редакциялау Мадода көзделген мақсатқа жетпеді.

Алайда гендерді редакциялау деп аталатын саладағы ғылыми жетістіктерге және оларды адамдардың қатысуымен сынаудың бірнеше мысалына қарамастан, ғылыми және медициналық қауымдастық этика, әлеуметтік және құқықтық мәселелерді әлі шешкен жоқ.

Мысалы, Қытай дәрігері Хэ Цзянкуй өңделген геномы бар балалардың дүниеге келуіне байланысты эксперимент жүргізгені үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылып, оған 3 миллион юань айыппұл салынды. Сонымен қатар, Хэ Цзянкуй мен оның әріптестеріне қатысты тергеу 2018 жылғы қарашада ол АИТВ-ға қарсы иммунитеті бар егіздер дүниеге келген эмбрион геномын сәтті өңдеуді жариялағаннан кейін басталды. Әлемнің басқа елдеріндегідей Қытайда да эксперименттерде қолданылатын эмбриондарды имплантациялауға тыйым салынған. Жалпы, біз адам эмбриондарына қатысты зерттеулер туралы ғылыми және құқықтық шектеулер туралы жаздық. Сол баяғыдай, эмбриондар қолданылатын эксперименттер саласында этикалық мәселелер әлі шешілмеген.

Чили заңы туралы

Чилиде зиян өндіріске қатысты медицина тексеруінен өту формасы мен тәртібіне қатысты бірыңғай талаптар жоқ  – барлығы жұмыс берушіге байланысты екені белгілі болды. Заң осыған байланысты қабылданды. Бұл заң бойынша, бірде-бір жұмыс беруші жұмысшыларды жұмысқа қабылдауды, келісімшартты ұзартуды, жоғарылатуды өндіріс жағдайында бейімділік тудыратын немесе патология қаупі жоғары гендік мутациялардың немесе гендердегі өзгерістердің болмауы арқылы шарттай алмайды. Сонымен қатар, жұмыс берушілер қызметкерде болашақта аурудың пайда болуына, физикалық немесе психикалық ауытқуларына әкелетін гендік мутацияның бар-жоғын тексеру үшін қандай да бір анықтамалар немесе сынақ нәтижелерін талап етуге құқы жоқ.

Заңда генетикалық тестілеу тек қызметкердің өмірін, физикалық немесе психикалық қол сұғылмаушылық мақсатында жүргізілуі керек деп көрсетілген. Бұл жағдайда жұмыс беруші мұндай тестілеуге кеткен шығындарды өз мойнына алуы керек. Бұл ретте жұмыс беруші мен медицина мекемелерінің құпиялыққа жауапкершілігі қарастырылған.

Жоғарыдағы гендік және тұқым қуалайтын аурулар туралы материалдарға сілтемелерді қараңыз, олар әрдайым адам популяциясында болған. Көп факторлы немесе полигендік деп аталатын тұқым қуалайтын бейімділігі бар аурулар бар екенін айтып өтейік. Олар тұқым қуалайтын қауіп факторларына және көбінесе қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. Оларға созылмалы аурулардың көпшілігі, соның ішінде жүрек-қан тамыр, эндокриндік, иммундық, жүйке-психика, онкологиялық және т.б. жатады. Осылайша, шын мәнінде, қазір Чили жұмыс берушілері гендік немесе полигендік ауруларға бейімділігі бар азаматтардың еңбек ету құқығына қысым жасай алмайды.

ELLA-HARPER-circus-freak-The-Camel-Girl-500x280.jpg
Сілтемеде фотодағы қыз туралы толығырақ мәліметтер (Элла Харпер, “түйе қыз”), “мутанттар құқығы” туралы хабарламаны суреттейді.

Мәлімдеме: 2022 жылғы ақпан айының басында Чилиде халықтың көп бөлігі үшін төртінші дозаны енгізу науқаны басталды. Чилиде вакцинацияның әлемдегі ең жоғары көрсеткіштерінің бірі бар, солай бола тұра инфекция жұқтыру деңгейі рекордтық көрсеткіштерге ие.

redko-da-metko.ru, The Expose

Үкім: Шындық және манипуляция

Манипуляциясы мынау: Associated Press хабарына сілтеме жасаған авторлар қазіргі уақытта Чилиде, ең әуелі, иммун жүйесі әлсіреген адамдарға вакцинаның 4-ші дозасы берілетіні туралы ештеңе айтпаған. Бұл туралы тек AP емес, басқа әлемдік БАҚ та жазды. Сондай-ақ, талданған материалда иммундау Омикрон штамынан туындаған аурудың өршуі аясында жүретіні көрсетілмеген. Ол жұқпалырақ болғанымен, оның алдындағыларға қарағанда қаупі аз және вакцина салдырғандарға аса қауіпті емес.

Шындығы мынау: Шынында да, материалды жазып жатқан кезде Чили толық хаттама бойынша вакцинация бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі саналады.

Чилиде мутанттар мен ГТА-адамдардың еңбек құқықтары сақталады деген рас па?

Чилиден басқа вакцинация бойынша көшбасшылар арасында БАӘ, Португалия, Сингапур және Куба бар (график вакцина салдырғандардың жалпы халыққа қатысты үлесін көрсетеді). Осы елдердің  бәрінде ауру жағдайы қалай екенін көрейік. График өткен аптада вакцинация бойынша көшбасшы елдердегі 1 миллион адамға шаққандағы жаңа жағдайлар санын көрсетеді.

Чилиде мутанттар мен ГТА-адамдардың еңбек құқықтары сақталады деген рас па?

Мысалы, Сингапурда вакцинация деңгейі жоғары болғанымен, бұл жерде ауруға шалдығу көрсеткіші Чилидегі көрсеткіштерден алда екенін көріп отырмыз. Жалпы, Чилидегі инфекция деңгейі, әрине, вакцинация деңгейі жоғары елдер арасындағы ең жоғары емесі де көрініп тұр. Жағдайды толық білуге күнделікті жаңа жағдайлардың статистикасына тестілеу деңгейі де әсер ететінін атап өткен жөн.

Чилиде мутанттар мен ГТА-адамдардың еңбек құқықтары сақталады деген рас па?

Чили де бұл жерде рекордшы емес, мысалы, Сингапурда (алдыңғы графикті қараңыз) аурушаңдықтың жоғары деңгейі аясында тестілеу деңгейі де жоғары. Мысалы, БАӘ-де вакцинация мен тестілеу деңгейі жоғары, ал аурушаңдық деңгейі төмен. Осылайша, Чилиде иммундаудың жоғары деңгейіне қарамастан, инфекцияның жоғары деңгейі бар деген мәлімдеме сын көтере алмайды.

Мәлімдеме: 2021 жылы Чили Сенаты мидың немесе “нейрорайттардың” құқығын қорғау үшін Конституцияға түзетулер енгізу туралы заң жобасын бірауыздан мақұлдады. Чили neurorights заңнамасы үшін “сынақ алаңы” саналады.

redko-da-metko.ru, The Expose

Үкім: Манипуляция

Бұл жерде шындық азғантай ғана – 2021 жылы Чили нейроқұқықты қорғауға шешім қабылдаған әлемдегі бірінші ел екені рас. Сенатта әзірге нейротехнологиялардың адам миына әсер ету мүмкіндігі шектеулі екеніне қарамастан, нейротехнологиялардың дамуы жағдайында психикалық қол сұғушылықтан қорғау мақсатында Конституцияға өзгертулер енгізу туралы заң жобасын көпшілік дауыс арқылы мақұлданды. Бұл саладағы пионер – Neuralink технологиясы бар Илон Маск.

Чили түзетулеріне келетін болсақ, бұл елдің сенаты Чилиді нейроқұқықтарға арналған сынақ алаңы деп санамайды. Сенатор Гидо Жирардидің айтуынша, бұл – «нейроқұқық туралы әлемдегі бірінші заң және жасанды интеллект пен нейротехнологиялар реттейтін заңнамалық экожүйедегі алғашқы қадам». Норма, ең әуелі, ми қызметін және одан келетін ақпаратты қорғауы керек. Осылайша, сынақ алаңы деп айыптау қастандық теорияларына жатады.

Мәлімдеме: мРНҚ вакцинасы адамның геномын өзгертеді, вакцинацияланған адам құқықтарынан айырылады, өйткені генетикалық түрлендірілген адам технология иесіне тиесілі болады.

redko-da-metko.ru, The Expose

Үкім: Жалған

Біз мұндай сюжетті талдап қойғанбыз, онда мРНҚ вакциналары вакцинацияланғандардың геномына әсер ете алмайтыны туралы ақпарат бар.

Мәлімдеме: ДНҚ кристалдары Pfizer инъекция құтысынан табылды. Бұл кристалдар “өмір формаларын” құруға сигналдар жібереді.

redko-da-metko.ru, The Expose

Үкім: Фейк

Талданып отырған материалда ДНҚ кристалдарын Пабло Кампрой деген дәрігердің Pfizer-дің инъекцияға арналған құтысынан тапқаны айтылады. Әрі қарай, Corona2inspect-тан Мик Андерсен деген кісі ДНҚ кристалдарын зерттеді және жақында La Quinta Columna бұл кристалдардың “өмір формаларын” құруға сигналдар жіберетінін байқаған дейді.

Өздеріңіз түсінетіндей, бұл азаматтар мен ресурстардың барлығы вакцинацияға қарсы және қастандық күн тәртібіне тікелей қатысты. Мысалы, La Quinta Columna сайты біз былтыр талдаған вакциналардағы графен оксиді туралы жалған ақпаратты насихаттап жатыр. Бірақ біз және біздің әріптестеріміз графен оксидіне қатысты қулықты Альмерия университетінің қызметкері жүргізді деген жалған зерттеу арқылы әшкерелегеніне қарамастан (университет кейіннен ресми түрде анти-ғылыми басылымды жоққа шығарды), вакцинаға қарсылар әлі күнге дейін университет атауын қолданады, тіпті Researchgate-те мәтін жариялайды – Pfizer компаниясының Comirnaty вакцинасындағы нанотехнологиялық ДНҚ кристалдарына арналған жаңа фейк.

Аталған ресурстарда ДНҚ кристалдарының әсерінен өсетін қармалаушы сияқты моргеллон тәрізді жіптер туралы оқиға толығырақ айтылады, олар ақпаратқа ие және наномаршрутизатор бола отырып, жіптерге қажет нұсқаулар береді… Айтпақшы, вакциналардағы моргеллондар туралы фейктер және медицина маскалары қазірдің өзінде әшкереленді. Сол графен оксиді туралы әңгіме сияқты, микросхемаларға ұқсайтын жіптер мен кристалдар туралы фантастиканың артында бізге бұрыннан таныс қастандық теоретигі Рикардо Делгадо тұр.

Чилиде мутанттар мен ГТА-адамдардың еңбек құқықтары сақталады деген рас па?

ДНҚ кристалдарына келер болсақ, біріншіден, эксперименттің тазалығына күмән тудырады: қастандық теоретиктері нақты қай сұйықты зерттегені белгісіз. Екіншіден, Pfizer вакцинасының мРНҚ құрамы құпия емес, оның құрамында дененің жасушаларындағы мРНҚ-ны қорғап, тасымалдайтын «жеткізу құралы» ретінде липидті нанобөлшектердің (өлшемдері 1-ден 100 нанометрге дейінгі шағын бөлшектер) бар екені де құпия емес. Сонымен бірге, Pfizer вакцинасының құрамында нано-роботтар немесе нано-компьютерлер бар деген ойдан шығарылған дерек 2 жыл бұрын әшкереленді.

Үшіншіден, шынымен де, 2015 жылы ғалымдар ДНҚ фрагменттерінің ерітіндіде өздігінен қысқа тізбектерге жиналып, сұйық кристалдар түзу қабілетін анықтады (әрине, қастандық теоретиктері айтқандай геометриялық пішінде емес). Түсінгеніңіздей, бұл жұмыста сұйық кристалды микросхемалар мен маршрутизаторлар туралы сөз қозғалмайды.

Қорытынды

  • Гендік мутацияға байланысты гендік және тұқым қуалайтын аурулар бұрыннан адамзатпен бірге келеді. Чилиде қабылданған заң осындай аурулары бар адамдардың еңбек құқығын қорғауға бағытталған.
  • Геномдық редакциялау эксперименттеріне әзірге бірнеше адам қатысты. Оларды генетикалық түрлендірілген адам деп атау әдепсіздік болар еді.
  • Чили коронавирус ауруы бойынша рекордшы емес.
  • Чилиді neurorights-қа арналған сынақ алаңы туралы мәлімдемелер – қастандық өтірігі.
  • мРНҚ вакцинасы вакцина салынған геномды өзгертпейді және олар құқығынан айырылған генетикалық модификацияланған адамдарға айналмайды.
  • Pfizer вакцинасындағы ДНҚ кристалдары, наномаршрутизаторлары және моргелон тәрізді жіптер туралы әңгіме фейк.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz