Әлеуметтік желілер балаларды кибербуллиңнен қалай қорғайды?

БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) үлкен IT компанияларды кибербуллиңге қатысты жеке ереже бекітіп, қудалаумен күресуге шақырады. Ұйым дерегіне сай, компаниялардың көбі бұл мәселені шешудің түрлі тәсілін ұсынады. Мәселен, әлеуметтік желілердің көбінде жазбаға кімнің пікір қалдыра алатынын, көре алатынын немесе кім автоматты түрде дос ретінде қосыла алатынын реттеуге, модераторға кибербуллиң фактісі бойынша хабарлама жіберуге болады.

Төмендегі слайдта Factcheck.kz әлеуметтік желілердің балаларды кибербуллиңнен қалай қорғайтынын талдап көрді.

Дегенмен, әлеуметтік желілер қолданатын шаралар да, қабылданған Заңдар да пайдаланушыларға, соның ішінде балаларға кибербуллиңнен толыққанды қорған бола алмайды. Соның ішінде, Вконтакте және Telegram желісінде кибербуллиң, киберхарассмент немесе өзге де алалау, қорлауға байланысты арнайы саясат жоқ. Ал Meta компаниясының әлеуметтік желілері мен TikTok және Twitter-де аталған мәселелерге қатысты ережелер бөлек қарастырылған.

ЮНИСЕФ-тің хабарынша, IT компаниялар өз пайдаланушыларын, әсіресе балаларды кибербуллиңнен қорғауға жауапты. Себебі:

  • Балалар үнемі интернетте отыратындықтан, кибербуллиң фактісі әртүрлі платформада кез келген уақытта тіркелуі мүмкін.
  • Адамның жеке суретін қасақана жүктеу, жалған ақпарат тарату секілді кибербуллиң қатысушысы бір қолданушы болса, өзге пайдаланушылар жәбірленушіге теріс пікірлер жазып, кибербуллиңді іліп әкетуі мүмкін.
  • Ал мұндай оқиғалар ата-аналар мен мұғалімдердің назарынан тыс қалып жатады. Екінші жағынан, балалардың өздері де мұндай жағдай туралы ата-анасына айтпауы мүмкін.

Кибербуллиң балалардың ғана емес, қорлауға ұшыраған кез келген адамның денсаулығына зиян келтіріп, орны толмас жағдайларға әкеп соғуы ықтимал. Сондықтан да, желідегі жазбамыз бен пікірлерімізге абай болайық.

Оқи отырыңыз:

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz