Коронавирус | Орталық Азияда ең көп таралған фейктер

Біз сіздердің назарларыңызға Орталық Азияда ең көп таралған және халық жиі алданған фейктерді ұсынғалы отырмыз. Фейктер көбіне чаттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған. Келесіде бұл хабарламалар келгенде оның миға қонымсыз екенін естен шығарып алмаңыз. Ендеше кеттік!

Қытай коронавирустан 20 миллиард доллар пайда тапты

Жоқ! Қытай коронавирустан еш пайда таппады. Бұл бар болғаны Путиннің орнына Си Цзиньпин жазылған зомбий-фейк қана.

Қытайлар ислам дінін қабылдап жатыр

Жо-жоқ, қытайлар ислам дінін қабылдап жатқан жоқ. Шынтуайтынында, вирус дін мен ұлт таңдамайды.

Мұрынды сабынды сумен жуу вирустардан қорғайды

Сабын (кір сабын) – бәріне бірдей ем бола бермейді. Сабынды сумен мұрын жуудың артықшылықтары да, адам үшін зиян тұстары да бар. Төмендегі материалды қараңыз.

ҚХР басшысы Си Цзиньпин мешітке барды

Бұл да фейк! Хабарламадағы мәтін мен видео бір-біріне сәйкес келмейді.

Қытай премьер-министрі мешітте намаз оқыды

Видеодағы ҚХР премьері емес, Малайзияныкі.

Коронавирус лабораториядан шығарылып, АҚШ-та патенттелген

Бұл да шындыққа жанаспайды. Материалдағы сілтемелер мүлдем басқа вирустар мен оларға қатысты зерттеулерге бағыттайды.

Уханьдағы АҚШ консулдығынан биоқауіп таңбасы бар контейнерлер табылды

Фейкті әйгілі Panorama ойдан шығарып, таратқан. Естеріңізге сала кетейік, бұл ресурстың барлық материалдары – фейк.

Швеция коронавируспен күресуден бас тартты

Швед халқы біз үшін жұмбақ та болар, әйтсе де олар өз-өздеріне жауа еместігі анық. Бұл туралы материалды төменнен қараңыз.

Жазушы Дин Кунц коронавирустың пайда болуын болжаған

Бұлай айту – дұрыс емес. Тіптен, кітаптың алғашқы нұсқасында вирус қытайлық емес ресейлік болған. Сондықтан да, бұл жай ғана сәйкестік.

Коронавирусты әйгілі Симпсондар да болжаған

Жоқ. Жоқ тағы да жоқ! Шын мәнінде «Симпсондардың» бір эпизодында жапондық Осака қаласынан келген тұмау туралы айтылады. Желідегі сурет фотошоппен өңделген.

Енді көзіңіз жеткен болар. Жоғарыдағылардан бөлек жүздеген фейк хабарлама дәл қазір сіз отырған чаттардың бірінде таралып жатқан да шығар. Фейк те вирус секілді. Оны тоқтату тек сіздің қолыңызда!

Телеграмдағы біздің каналымызға жазылыңыздар. Жалған ақпаратты @birgeteksereik!

Тексерілген ақпаратты орыс тіліндегі @factcheckkz каналынан да оқи аласыздар.

Павел Банников
Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане». Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy